Alstom компаниясы мен Францияның ұлттық темір жол қауымдастығы (SNCF) TGV M сериялық пойыздарын құрастыру желісін салтанатты түрде іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Салтанатты шара барысында осы пойыздың моторлы және екі қабатты тіркеме вагондары көпшілікке таныстырылды. Жүрдек пойыздың  жаңа буыны 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Францияның ұлттық темір жол қауымдастығы TGV M бойынша 115 экспресске тапсырыс берген, оның ішінде өзге елдерге қатынайтын 15 көпжүйелі пойыз бар. Олар INOUI ижәне OUIGO брендімен қатынайтын болады.

Пойыздың жоғары сыйымдылығы - 740 орын, бұған дейінгі сериясында 634 орын қарастырылған. Оның үстіне пойыздардың жоғары энергия тиімділігі көмірқышқыл газы шығарындыларын 32%-ға азайтады.

Alstom жаңа өндіріс желісін құруға шамамен 50 миллион еуро инвестиция салған. TGV M пойыздарын шығарумен Alstom компаниясының Франциядағы 10 зауыты айналысады