150 мыңнан астам адам "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның "Бригадир конверті" қызметін пайдалана отырып, пошта хат-хабарларын тапсырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жөнелтуге өлшемі A4 және ені 3 см дейінгі қағаз конверттер қабылданады.
Жөнелтуші пойыз бастығының қатысуымен конвертті мөрлейді және оны тапсырады. Пойыз бастығы түбіртек пен чек береді. Межелі станцияда конверт күтіп жүрген адамға жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы тапсырылады.
Қызмет құны - 1000 теңге.
Талап етілмеген "Бригадир конверті" жөнелтуші/алушы қайтару туралы хабарлаған күннен бастап 30 жұмыс күні сақталады. Конверт жіберушінің көрсетілген мекен жайына хабарламамен пошта арқылы қайтарылады.