Интернет арқылы теміржол билеттерін онлайн-сату үлесі 2022 жылы жалпы көлемнің 70% астамын құрады. 19 млн-ға жуық электронды билет сатылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Көрсеткіш тұрақты өсу үрдісіне ие. 2021 жылмен салыстырғанда ол 10% өсті.

Теміржол билеттерін онлайн режимде BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан сатып алуға болады.  

Жолаушылар пойыздары бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы алуға болады. Қалалық немесе мобильді нөмірлерден қоңырау шалу тегін.