10 ақпаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №37/38 «Маңғыстау – Семей» және №77/78 «Алматы – Маңғыстау» пойыздары «фирмалық» статуспен жолға шығады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл пойыздарда әр жолаушы үшін гигиеналық және шай жиынтығы қарастырылған. Пойыздардың құрамында вагон-мейрамханалар да бар.

Пойызға «фирмалық» санатты теміржол көлігі саласындағы уәкілетті орган береді.

Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушының №9/10 «Астана – Алматы»  және №47/48 «Атырау – Астана» екі фирмалық жолаушылар пойызы да жүреді.