"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 3,2 млн-нан астам жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тасымалдау деңгейі өткен жылғы көрсеткіштен 6%-ға (180 мың жолаушыға) асып түсті.  Оның ішінде 546 мыңнан астам адам қала маңындағы электр пойыздарын пайдаланған, бұл көрсеткіш 2%-ға өсті.  

Қазақстан бойынша барлығы 140 жолаушы пойызы жүреді, оның ішінде 102 маршрутқа "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 28 маршрутқа жеке тасымалдаушылар, ал 10 маршрутқа көрші елдердің т/ж әкімшілігі қызмет көрсетеді.