"Тұрақты шаттл" жобасы 29 маусымда іске қосылады. Ол бойынша Қосшы қаласы – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – Нұрлы Жол теміржол вокзал кешені бағыты ашылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
"Тұрақты шаттл" күнделікті:
сағат 08.30-да вокзалдан әуежайға және Қосшы қаласына;
сағат 09.10-да әуежайдан Қосшы қаласына;
сағат 16.30-да Қосшы қаласынан әуежай мен вокзалға;
сағат 17.10-да әуежайдан вокзалға жөнелтіледі.
Қызмет құны 950 теңге болады.