Алакөлге 11 бағдар бойынша жолаушылар пойызы қатынауда

Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Республикамыз бойынша ішкі туризм мейлінше дамыған бірден-бір аймақ – ел шығысы. Жаз айы басталысымен жанға жайлы демалыс пен денсаулық үшін шипалы су іздеген қауым Абай облысына ағылады.  

Себебі суы шипалы Алакөл – туристер үшін мейлінше тартымды орын. Оған бару үшін айтарлықтай арзан әрі қауіпсіз болғандықтан жолаушылар негізінен пойызға отыруды жөн көреді. Сондықтан болар, қазіргі таңда Алакөлмен жалғайтын Жалаңашкөл станциясына билет тапшы. Оған тағы бір себеп, биылғы жылы ел туроператорларының коммерциялық пойыздарға билетті ерте бастан брондауы болып отыр.  

Биылғы маусымда еліміздің әр қаласынан Алакөл бағытына 11 бағдар бойынша жолаушылар пойызы қатынауда. Басым көпшілігі шипалы көлге Астана мен Алматы қалаларынан жол тартады. Сол тәрізді Семей және Өскемен қалаларынан және Ақтоғай станциясынан да жүрдек пойыздар аптасына үш рет жолға шығуда.  

Жалпы, биылғы жылғы бұл маршруттардың 9-ын облыс әкімдіктері өткізген тендерді жеңіп алған «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ал қалған екі бағытты жеке тасымалдаушылар жүргізуде. Өткен жылы фирмалық пойыздар саны үшеу еді.

Жолаушылар пікіріне сүйенсек, Алакөлмен екі арада жүйткіп жүрген пойыздар вагондары біршама жаңа. Қызмет көрсету сапасы да жақсарған. Бұрынғыдай реніш, шағым жоқ. Бұл ретте биыл алғаш рет елордадан Алакөлге дейін Тальго вагондарының іске қосылғанын айта кеткен орынды. Ал оңтүстік астанадан келетін 5 жолаушылар пойызының екеуі Тальго вагондарынан жасақталған.

Сонымен қатар ағымдағы жылы ұлттық компания жолаушылар орындарының санын 6 пайызға, яғни 276 мыңға дейін ұлғайтқан болатын. Десек те, Алакөл туристік аймағына аттанушылар саны еліміздің оңтүстігі және шығысы бойынша да жыл сайын артып келеді. Мәселен, суға шомылу маусымы қыза бастаған соңғы аптада Семей ЖТ бөлімшесі бойынша теміржол тасымалын 14 659 жолаушы пайдаланыпты. Соның ішінде әсіресе Жалаңашкөл станциясын бетке алатын №457/458 «Семей-Достық» пойызы мен №459/460 «Өскемен-Достық» сынды жолаушылар пойызына деген сұраныс күрт артты. Мамандар емдік қасиеті мол, тұзды суға келушілер санының жыл сайын еселеніп келе жатқанын айтады. Олардың арасында тіпті алыс-жақыннан жеткен шетелдік туристердің де саны артуда. Алакөл бойының бұлайша жандануына ел үкіметінің отандық туризм саласын дамыту бойынша көптеген ілкімді шараларды қолға алуы да себеп болып отыр. Міне, соның аясында шипалы көлмен аралықтағы жолаушылар тасымалы да жыл санап жаңарып, жаңғыра түсуде.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті