2023 жылдың 1 маусымы мен 20 шілдесі аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 2,1 млн астам адам тасымалданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Компания жазғы кезеңде жолаушылардың теміржол көлігіне деген ең үлкен сұранысын тіркесе, бұл жылдық жолаушылар айналымы жалпы үлесінің 32% құрайды. 

Жалпы 2022 жылы Ұлттық тасымалдаушы пойыздарын 13,9 млн жолаушы пайдаланды. Өткен жылы жаздың үш айында 4,4 миллион жолаушы (айына бір миллионнан астам жолаушы) тасымалданды.

Күзгі кезеңде тасымалдау үлесі 23% немесе 3,3 млн жолаушыны, қысқы кезеңде - 20% немесе 2, 8 млн жолаушыны, көктемгі кезеңде 25% немесе 3,4 млн жолаушыны құрайды.

Анықтама: теміржол желісі бойынша 14 тасымалдаушы қызмет көрсететін 140 маршрут жүреді.