Жолаушы құрамдары талапқа сай ма?

Жолаушылар тасымалы
01.09.2023, 09:29
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жолаушыларды тасымалдайтын құрамдар тиісті талапқа сай болуы үшін қандай критерийлерге жауап беруі керек? Ақтөбеде облыстық көлік инспекциясы сегіз айда өңірден өткен 500-ден аса вагонды тексеріп, оның 50-ге жуығын ағытуға шешім қабылдаған.

Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы 29 тамыз күні Ақтөбе теміржол вокзалында көшпелі баспасөз мәслихатын өткізіп, оның барысында жолаушылар құрамдарының Жолаушыларды тасымалдау ережесінде көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру қалай жүргізілетінін түсіндіріп, сонымен қатар жыл басынан бері жүргізілген тексерулердің қорытындысын да жариялады.  

Әрине, техникалық талаптарға сай емес вагондардың халыққа қызмет көрсетуі шектеледі. Атап айтқанда жолаушы вагондарында санитарлық тазалықтан бастап, өрт қауіпсіздігінің сақталмауы мен ауа баптау кондиционері жұмыс істеуі, т.т. сапалы қызметті қалыптастырудың белгілі қағидаты бар.  

Ақтөбе вокзалының перронында өткен баспасөз мәслихатында жыл басынан бергі тексеріс нәтижелерін жариялаған инспекторлар көптеген вагондарда қарапайым өрт қауіпсіздігі сақталмайтынын жеткізді.  

«Көлік инспекциясы биыл Ақтөбеде 48 вагонды тоқтатты. Өрт қауіпсіздігі, желдеткіштегі кемшіліктер анықталды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметіне қарасты барлығы 39 пойызға тексеріс жүріп, 565 вагон қаралды. 48 вагон қайта жөндеуге ағытылды. Тасымал қызметіне қатысты барлық техникалық талаптар ескерілді», – деді Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бақылау бөлімінің басшысы Гегамян Нарек.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірге анықталған заңбұзушылықтар тіркеліп, әкімшілік хаттамалар толтырылғаны хабарланды. Инспекторлар перронда жолаушылармен де сұхбаттасып, шағымдарын тыңдады. Темір жолдағы тасымал қызметін пайдаланушылар арасында желдеткіштерге қатысты шағым көп. Халық вагондардың ыстықтығына, ауа алмасудың болмайтындығына, пойыздардың кешігетініне наразылықтарын білдіріп жатты. Сонымен қатар жолаушы пойыздарының қызметіне көңілдері толатынын, сондықтан маусымның кез келген уақытында тек пойызбен сапар шеккенді қалайтындарын білдірген жолаушылар да аз болған жоқ.  

Көліктік бақылау инспекциясы өкілінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары аяқталған жоқ. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік жаза қарастырылатын көрінеді. Өрт қауіпсіздігінің сақталмауы мен кондиционердің жұмыс жасамай тұруына қатысты 8 айдың ішінде 39 пойызда 130 заңбұзушылық анықталып, кемшіліктерге жол бергендерге қатысты 10 АЕК дейін айыппұл төлеу жазасы қарастырылған.  

Айта кетсек, кластан тыс Ақтөбе темір жол вокзалынан тәулігіне 58 пойыз өтеді, шамамен 3-4 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Ел аумағындағы ғана емес, халықаралық қатынастағы пойыздар қозғалысы да қамтамасыз етіледі. Вокзалдағы жолаушыларға көрсетілетін сервистік қызмет талаптарына көлік инстекциясының шағымы жоқ, барлық мүмкіндіктер жан-жақты ескерілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған билет кассалары, электронды кезек жүйесі жұмыс істеп тұр. Жалпы саны тоғыз касса бар. Оның үшеуінің жұмысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан ұйымдастырылған. Қалған кассалар жекеменшік кәсіп иелеріне тиесілі. Жүк сақтау қоймасы, күту залы, мүгедектерге арналған демалыс бөлмесі жұмыс істеп тұр. Қоғамдық тәртіпті әскерилендірген күзет қызметі қамтамасыз етеді.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды