Бурабай бойынша трансфер енді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық жолаушылары үшін қолжетімді

Жолаушылар тасымалы
26.09.2023, 16:27
Оқуға 1 мин
Александр Жабчук

Интермодальды тасымалдауды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 2023 жылғы 27 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бурабай курорты станциясына келетін өз жолаушылары үшін «Бурабай бойынша трансфер» қызметін кеңейтеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның №47/48 Атырау – Астана, №83/84 Қарағанды – Самара, №105/106 Алматы – Петропавл, №113/114 Алматы – Қазан, №139/140 Павлодар – Пресногорьковская, 145/146 Қарағанды – Омбы, №623/624 Астана – Петропавл пойыздарымен келетін саяхатшылар «Бурабай бойынша трансфер» қызметін пайдалана алады және курорттық орындарға дейін белгіленген бағамен жүру мүмкіндігіне ие болады. 

Жол жүру қызметінің құны – электр автобустағы орын үшін 500 теңге және электротаксидегі салон үшін 2000 теңге. 

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін электр көлігі Бурабай курорты станциясының вокзал маңындағы алаңында күтеді. Қызметті пайдалану үшін жолаушыға пойыз жолындағы QR кодын сканерлеу, диспетчерге қажетті мекен-жайды хабарлау және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Сондай ақ қызметті Evrik.kz сайтынан алдын ала сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ел халқының көліктік ұтқырлығын жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ жыл басынан бері «Интермодальдық тасымалдар» жобасын дамыту шеңберінде пилоттық режимде жол жүру қызметінің бес түрін: «пойыз-пойыз», «пойыз-такси», «пойыз-автобус», «пойыз-автобус-ұшақ», «электр пойыз-электроавто» жобасын іске қосты.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды