Жаңа вагондар Павлодар – Түркістан бағдары бойынша пойыздар құрамында жүретін болады

Жолаушылар тасымалы
13.11.2023, 16:18
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі отандық өндірістегі тағы 12 жаңа купе жолаушылар вагонымен толықтырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келіп түскен жылжымалы құрам Ұлттық тасымалдаушының «Северный» өңірлік филиалының Павлодар учаскесіне жіберілді. Заманауи жаңа вагондар №45/46 «Павлодар – Түркістан» бағдары  бойынша пойыздар құрамында жүретін болады.

Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа вагондар ауаны баптау жүйесімен, ауа сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен және тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купе электр розеткаларымен және USB қосқыштарымен жабдықталған. Тиісті пайдалану кезінде жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі отандық 32 жаңа жолаушылар вагонымен толықтырылған болатын. Вагондар Ақтөбе темір жол маршруттары бойынша сәтті жүріп жатыр. Бұл өзгерістер вагондардың жайлылығына, сервисіне және ыңғайлылығына қанағаттанған жолаушылар мен жылжымалы құрам қызметкерлерінен оң баға алды.

Қоса кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон паркін жаңарту бойынша жоспарлы және кезең-кезеңмен жұмыс жүргізуде. Сонымен, келесі жылдың басында қазақстандық 100 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, 2025-2030 жылдар аралығында Stadler компаниясының 537 вагонын сатып алу көзделген. Барлық жоспарланған іс-шараларды ескере отырып, 2030 жылы вагон паркінің орташа жылы 18-ден 13 жылға дейін төмендейді. Бұл ретте жылжымалы құрамның ауаны баптау жүйесімен қамтамасыз етілуі 100% құрайтын болады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті