Оңтүстік филиалдағы оңды істер

Жолаушылар тасымалы
20.11.2023, 14:42
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Сара Сахынбек
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» филиалы алты бағытта  жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді. Филиалдың паркінде 365 вагон бар. Жуырда мекеменің өндіріс алаңында болған біз мыңдаған адам еңбек ететін алып кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы жасалып жатқан игілікті істерге куә болдық.  

Филиал директорының эксплуатация жөніндегі орынбасары Нұртуған Жүсіповті Алматы-2 станциясында жолықтырдық. Оңтүстік филиалында барлығы 1800 адам еңбек етсе, соның 980-і жолсеріктер екен, олар 30 бригадаға бөлініп жұмыс істейді. Осындай алып ұжымды басқарып отырған басшылардың бірі Жүсіпов бізді өндіріс орнымен таныстырып, бүгінде жасалып жатқан жұмыстар ретін баяндады.    

– Біздің жолсеріктер Алматы – Маңғыстау, Алматы – Саратов, Алматы – Новосибирск, Алматы – Өскемен, Алматы – Қазан, Алматы – Сарыағаш бағыттарында жолаушылар пойыздарында халыққа қызмет көрсетеді. 121 жаңа вагон біздікі, қалған ескілерін «Вагонсервис» АҚ-дан алып отырмыз. Келесі жылы біздің компания Оңтүстік филиалының паркін тағы да жаңартуды жоспарлап отыр. Әзірге қолдағы жаңа вагондарымыз Алматыдан Маңғыстауға және Өскеменге қатынайтын пойыздарға қойылған. Бұған дейін техникалық ақауларға және себепсіз кешігуге жол берілген жоқ, – дейді Н. Жүсіпов.    

Біз барғанда филиал вагондары ТО-2 тексеруінен, яғни маусымдық техникалық қызмет көрсетуден шығып жатыр екен. Жалпы жолаушылар вагондары барлық жерде бірдей жылына екі рет осы қызмет түрінен өтеді, көктемде жазға, күзде қысқа дайындық жүргізіледі. Дәл қазіргі сәтте қысқа дайындау кезінде жылыту жүйелері тазартылып, терезелері бекітіліп, қатал маусымда жұмыс істеуге сақадай сай дайындықпен жолға шығарылуда.    

Филиалдың сервис бойынша сектор бастығы Гүлмира Жалелова жолсеріктердің сервистік қызмет көрсетуіне жауапты. Жолсеріктерді оқытуда тақырыптық жоспар бекітіліп, жыл бойына олар сол бойынша оқытылады. Әр бригада техникалық кабинетте өтетін сабақтарға қатысады. Жолсеріктер сонымен қатар, әр рейс алдында нұсқаулықпен танысып, медициналық тексеруден, үш жыл сайын аттестациядан өтеді.  

– Бүгінде баяғыдай емес, әр жолсерікке формасы өздеріне шақтап жеке тігіледі. Бірінікін бірі ауыстырып кимейді. Костюмдері  екі жылдық мерзімге киюге шақталған. Іші жылы плащтарды үш жыл киеді. Шарф, қолғаппен де компания қамтамасыз етеді. Жалпы, соңғы кезде жолсеріктер формасы, арнайы киімге қатысты мәселе жоқ. Ұлттық компания имиджіне жұмыс істейтін болған соң жолаушы халыққа жоғары сервистік қызмет көрсетіп, ал жолсеріктердің соған лайық болғанына біздің компания да мүдделі, – дейді сектор бастығы.  

Оған қайтар жолда көз жеткіздік. Оңтүстік филиалының жолсеріктері жолаушыларды жылы жүзбен қарсы алып, орындарына жайғастырып жатты.  Вагонға кіріп жайғасқан соң қандай қызмет түрлерін пайдалануға болатынын айтып, ақпарат берді. Фирмалық, жүрдек пойыздарда төсек жаймасын да жолсеріктер өздері салып дайындап қояды. Тәулік бойына ыстық су, ауыз су мен техникалық су үздіксіз беріп тұрды. Жол бойына вагон іші бірнеше рет тазаланды. Кешенді  тазалық жұмыстары вагондар құрастырылатын станцияда жүргізіледі екен.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл