Жаңа жылдық мерекелерде теміржол штаттық режимде жұмыс істеді

Жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету және жаңа жылдық мерекелерде халықтың жоғары сұранысын қанағаттандыру үшін ҚТЖ-да пойыздарда орын санын ұлғайту бойынша жедел шаралар қабылданды.  

Астана – Алматы – Астана және Астана – Шымкент – Астана бағыттары бойынша стандартты вагондардан қосымша пойыздар тағайындалды.  Астана – Көкшетау, Астана – Бурабай курорты, Астана-Атбасар, Павлодар-Астана бағыттары бойынша 6 қосымша қала маңы пойызы ұйымдастырылды. Ең көп сұранысқа ие бағыттар бойынша 296 қосымша тіркеме вагон жолға шығарылды.  

Өткен жылдың 29 желтоқсанынан осы 2 қаңтарға дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты автомобиль қозғалысы тоқтатылған елді мекендерден 10 мыңнан астам жолаушы шығарылды.    

Күн сайын еліміз вокзалдарында 600 астам қызметкер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Олар жолаушыларды пойыздар  қозғалысы туралы және барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етті, жолаушыларды вагондарға отырғызуды және түсіруді ұйымдастырды.  

Мерекелік тасымалдау кезеңінде барлығы 189 жолаушылар локомотиві жолға шығарылды. Вокзалдарда қар мен пайда болған мұзды жинау жұмыстары жүргізілді, ол үшін 25 арнайы техника мен 295 қызметкер жұмылдырылды.  

Сонымен қатар, тәулік бойы теміржол инфрақұрылымын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, 12,9 мың шақырым жол тазартылды. 90 астам мамандандырылған қар тазалау және қардан аршу техникасы мен 4,6 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды.  

29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында "1433" жолаушыларға арналған бірыңғай телефон анықтамалық қызметіне 20,6 мыңнан астам қоңырау түсті. Өтініштердің шыңы 30 желтоқсанда орын алды, бұл күні 7,5 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. 

Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды