Кеше Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында жолаушылар үшін Оразаның алғашқы күні жайлы өтті. Пойыз жолсеріктері жолаушыларды жылы қарсы алып, оларға құрма мен су таратты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл акция «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық пойыздарында өткізілді.

Ұлттық тасымалдаушы  Рамазан айында жолаушыларға бір-біріне түсіністікпен қарап, ашуланбауды, отырған орында тазалықты сақтауды, сондай-ақ, денсаулыққа мұқият қарауды ұсынады. Ораза ұстаған жандарға саяхат кезінде әлсіздік сезінбеу үшін сапар алдында дәрігерге қарануға кеңес беріледі.

Сонымен қатар, Рамазан айында пойыздардағы вагон-мейрамханалар арнайы жұмыс кестесіне ауысады.

Вагон-мейрамханалар күнделікті 8:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Ораза тұтқан жандарға ыңғайлы болу үшін мейрамханалар сәресі уақытында таңғы сағат 03:30-дан 05:00-ге дейін ашық болады.

Вагон-мейрамханаларда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтайды! Ұстаған Оразаларыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын!