«ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Туристік пойыздың жүруі «Үрімші - Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұл пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.