Жолаушылар тасымалының аймақтағы қызметкерлері су тасқынымен күрестегі еңбегі үшін марапатталды

Жолаушылар тасымалы
07.06.2024, 11:26
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның аймақтардағы қызметкерлері Астанада бас қосты. Оның ішінде бірқатар қызметкер су тасқынымен күрестегі еңбегі үшін марапатталды.

Елордаға жиналған қызметкерлердің дені халықпен тікелей жұмыс істейтін, оларға қызмет көрсететін мамандар. Нақтырақ айтсақ билет кассасы және анықтамалық бюроның қызметкерлері.  Олардың көпшілігі су тасқыны және өзге де төтенше жағдай кездерінде аянбай еңбек еткен жандар. Көктемгі су тасқыны болған аймақтардан ҚТЖ 23 мыңнан астам адамды тегін тасымалдағанын айта кету керек.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов еліміздің әр түкпірінен жиналған қызметкерлерді атқарып жатқан еңбектері үшін алғыс білідіріп, бірқатар маманды су тасқынымен күрестегі белсенді еңбегі үшін марапаттады.

«Сіздердің жолаушылар тасымалына қосып жатқан еңбектеріңіз орасан. Еңбектеріңіз көзге көріне бермегенімен, ол өлшеусіз. Қыста боранды күндері өзге көлік түрлері тоқтап қалғанда және су тасқыны кезінде темір жол көлігі қиын жағдайда қалған халыққа шұғыл көмекке келді. Көптеген адамды тегін жеткіздік, оның үстіне су тасқыны болған аймақтардан 1,5 мың баланы лагерлер мен сауықтыру орындарына жеткізу сынды жұмыстарды атқаруда сіздердің еңбектеріңіз орасан. Компания сіздердің еңбектеріңізді бағалайды және алғыс білдіреді», - деді Ж. Тайжанов.  

Әр аймақтан келген мамандар екі күн бойы біліктілік арттыру семинарына қатысады. Ол жерде жолаушымен дұрыс қарым-қатынас жасау, күйзеліске төзімділік, іскерлік этика бойынша дәрістер тыңдайды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды