Елдің батысына су жаңа вагонмен қамтылған пойыздар жүре бастады

Жолаушылар тасымалы
18.06.2024, 11:20
Оқуға 4 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Батыс өңіріне қатынайтын жолаушы құрамдары соңғы жылдары айтарлықтай жаңарғаны белгілі. Ақтөбе-Атырау, Атырау-Маңғыстау, Маңғыстау-Атырау, Атырау-Ақтөбе бағытында жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған жайлы да ыңғайлы заманауи вагондар пайда болды.

Петропавловск қаласындағы «Зиксто» зауытында жасалған отандық өнім болып табылатын бұл вагондар қыста-жазда ауа баптағыш кондиционермен, ауа тазарту сүзгілерімен, бейнебақылау, биодәретханамен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы купелер қарастырылған. Тамбурлар жолаушыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп қоймай, жолаушы сапарын сапалы ұйымдастырудың жаңа деңгейіне қол жеткізді.  

Ақтөбе мен Атырау аралығындағы станцияларды төрт күн ішінде аралап қайтатын су жаңа пойыз құрамы жолаушылардың жоғары бағасын алып үлгерді. Бұл туралы бізге пойыз бастығы Алмат Жұмағазин айтып берді.  

– Қазір жолаушы құрамдары жаңарып жатыр. 2023 жылы зауыттан шыққан су жаңа вагондар бізге де келді. Заманауи вагондар жолаушыларға жайлы, ішінде барлық қажеттілік бар, жоғары деңгейде жасалған. Жолаушылар да жиі ризашылығын білдіріп жатады. Жолсеріктерге алғыс айтып, теміржолдағы сапалы қызмет туралы жақсы пікір қалдырған жолаушыларымыз көбейіп отырғаны – жаңа вагондар мен сервистің артып отырғанын айғақтаса керек, – деді пойыз бастығы Жұмағазин.  

Қызмет көрсету мерзіміне 40 жылдық кепілдігі бар жаңа вагондардың бірі мүгедектерге арналған. Оның есігі жүріп-тұруы қиын жандардың қоларбаларымен кіріп-шығуына сәйкес жабдықталған. Пандустан бастап табалдырыққа дейін арбада отырғандар үшін кедергі жоқ, жайлы да ыңғайлы. Вагон ішінде мүгедек адамды пандуспен көтеретін арнайы арба да қарастырылған. Жолсеріктер мүмкіндігі шектеулі жанды арбаға отырғызып орнына апарады. Төсек-жабдығы алдын ала дайындалады. Әжетханасы да бөлек. Көмек қажет болса, төсегінің қасында жолсерікті шақыратын тетік те бар. Айтпақшы, әр купеде теледидар, қабырғада тұтас көрінетін үлкен айна да қарастырылған. Орындықтар мен жеке заттарды сақтау шкафтары бір нүкте арқылы жеңіл басқарылатыны ғажап. Міне, осының бәрі жаңа вагондардағы жайлылық, қолайлылық пен қауіпсіздікті арттырып отыр.  

Жаңа құрамда негізінен 10 вагон бар. Жаз маусымына байланысты қазір қосымша үш вагон жалғанып жүр. Оның алтауы купе болса, жетеуі плацкарт. Билеттердің сатылымға уақытында шығарылуы қадағаланады. Сонымен қатар билетсіз жолаушы, артық жүк тасымалдау деген бүгінде жоқтың қасы. 13 вагонда барлығы 564 орын бар. Купелі вагондар 36 орынға арналса, плацкарт вагондарда 52 орын бар. Жол үстінде бейнебақылау арқылы барлық вагонды бақылап отыруға болады. Дыбыстық бейнелер арқылы бәрін көріп отыру мүмкіндігі жоғары.  

Вагонның тазалығы, төсек-жабдықтың уақытында таратылып-жиналып отыруы басшылықтың қатаң қадағалауында. Жолсеріктерден басқа тазалықшылар өз міндеттерін мінсіз атқарады.

Осы жаңа құрамға қызмет көрсететін Ақтөбе телімінің жолсерігі Қайыржан Нұрмановтың 20 жылдан аса тәжірибесі бар. Сондықтан бұл салада жас мамандарға үйретері де аз емес.  

– Ақтөбе телімі жаңа вагондармен толығып, бізді де, халықты да қуанышқа бөледі. Тек кемшілікті көрмей, жолаушы тасымалы қызметінің халыққа жасап жатқан жағдайын да айту керек деп ойлаймын. Жаңа вагондар өте жайлы. Желдеткіш, мұздатқыш – бәрі бар заманауи жетістік. Ескі мен жаңаның айырмашылығы жер мен көктей. Бұл вагондар өткен жылы қызмет көрсетуді бастағаннан бері біздің бригаданың да, жолаушыларымыздың да көңілі көтерілді. Жаңа үйге кіргендей, бәрін таза, ұқыпты күтіп ұстауға тырысамыз. Әрине, Қазақстан темір жолында ескі вагондар да бар, бәрін бір жылда жаңалау мүмкін емес қой, дегенмен кезең-кезеңмен бәрі жаңарады деген сенімдеміз. Жиырма жыл бұрын таттанып кеткен вагондармен де жүргенбіз, – дейді тәжірибелі жолсерік Қайыржан Нұрманов.  

Ақтөбе – Атырау пойызының тағы бір жолсерігі Кеңес Сарқұловтың бұл қызметте 30 жылдық тәжірибесі бар. Айтуынша, 1990 жылдардағы вагондармен қазіргі жағдайды салыстыруға да келмейді. Бәрінен бұрын бірнеше камера бар. Жолаушыны вагонға кіргеннен бастап бақылауға болатын бірнеше камераның қызметіне дән риза.  

– Жолаушылар арасында әртүрлі пиғылды адам болады. Өкінішке орай, осы жылдар ішінде ұрлық жасап, вагонның мүлкін жыртып, сындырып, бүлдіріп кеткендерді көрдік. Ішімдік ішіп, жанжал, төбелес шығаратындар да болды. Бүгінде рахат, бейнекамера арқылы бәрін бақылауда ұстап отырамыз. Жолаушы қызметіндегі жандар үшін жасалған қауіпсіз еңбек деген осы. Жаңа вагондарда қызмет көрсету бізге де ыңғайлы. Халықтың ризашылығы сезіліп тұрады. Ал біздің қызметіміздің негізі де осы – жолаушы халықтың алғысын алу, – деді жолсерік Кеңес Сарқұлов.

Айтпақшы, вагонда жолсеріктерге арналған қойма бөлме де бар. Онда қызметкерлердің жеке заттары сақталады. Азық-түлік сақтайтын мұздатқыш та бар. Жолсеріктің жұмыс орны арнайы компьютер, телефонмен жабдықталған. Жұмыс орнында отырып пойыз машинисімен, басқа вагондағы жолсеріктермен, штаб вагонмен тікелей байланыса алады.

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті