№37 «Маңғыстау-Семей» бағытындағы пойызда таңғы жаттығу жасаған 64 биші қыздар жолаушыларды қызықтырды. Олар Ақтау қаласындағы «Улыбка» би ансамблінің қатысушылары.

«Улыбка» би ансамблі үшін күнделікті жаттығу жасау өте маңызды. Биші қыздардың мұғалімдері жолда да жаттығу жасаудың тәсілін ұйымдастырып, қыздарды алдағы жарысқа дайындаған. Қыздар жаттықтырушыларымен бірге Астана қаласында өтетін «Viva Astana» Халықаралық фестиваль-байқауына қатысу үшін пойызбен жолға шыққан.

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында әртістер де жиі жол жүріп, музыкалық жарыстарға дайындық жұмыстарын жүргізу барысында, жолаушыларды өздерінің ерекше өнерлерімен тәнті етеді.