Биыл ҚТЖ пойыздарын 116 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жолаушы пайдаланған

Жолаушылар тасымалы
11.07.2024, 12:35
Оқуға 1 мин

Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушының пойыздарын 116 мың мүмкіндігі шектеулі жолаушы пайдаланған. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы купеге 111 мың адам билет сатып алған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазіргі уақытта Қазақстанның теміржол желісінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған купесі бар 95 штабтық вагон қатынайды.

Мамандандырылған вагондардың құрылымы көтергіш құрылғыларды, ыңғайлы тамбур аймақтарын және жолаушының мүгедек арбасымен қозғалуына мүмкіндік беретін дәліздерді қамтиды. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған купеде жолаушыға және оны ертіп жүрген адамға арналған арнайы бекітпелер бар. Сондай-ақ, арнайы дәретхана бөлмесінде жолаушының ыңғайлылығы үшін тұтқалар мен төмен орналасқан қол жуғыш қарастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың сапарларының қолжетімділігін арттыру мақсатында арнайы жеңілдіктер бар. Әлеуметтік маңызы бар маршруттар, коммерциялық пойыздарда және мүгедектігі бар жолаушыларға арналған мамандандырылған купесі бар «Тальго» пойыздарында барлық топтағы мүгедектер мен оларды ертіп жүрген адамдарға 50% жеңілдік беріледі.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған теміржол билеттерін онлайн сатып алу жолдары жеңілдетілді. Енді жеңілдік билеттерін рәсімдеу үшін әлеуметтік ID-ның 6 таңбалы кодын кассада көрсетудің қажеті жоқ. Жеңілдік билеттерін алу үшін ЖСН мен мүгедектік туралы анықтаманың нөмірін онлайн енгізу жеткілікті.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті