16,6 мыңнан астам жолаушы интермодальды тасымал қызметін пайдаланды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өткен жылдан бастап бір сапар аясында теміржол және автокөлікті қолдана отырып интермодальды тасымал қызметін көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл қызметті 16,6 мыңнан астам жолаушы пайдаланды.

«Пойыз+Пойыз» қызметі іске қосылғаннан бері 14,4 мыңнан астам интермодальды билет рәсімделді, бұл билеттерді 7 мыңнан астам жолаушы пайдаланды. Бұл қызмет жолаушыға бір пойыздан екінші пойызға ауысып отыру нұсқаларын ұсынып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Онлайн-сервис bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында қолжетімді.

«Пойыз+Автобус» қызметі №3, №67, №71, №85 және №7508 пойыз жолаушыларына Нұрлы Жол вокзалынан үйге дейін трансфер ұсынады. Автокөлік пойыз келгеннен кейін 15 минут ішінде жолаушыларды күтеді. Трансфер қала ішінде тез арада жолаушыларды жеткізу үшін арнайы автобус жолағы бойынша жүреді. Жол ақысы 850 теңгені құрайды. Қызметті вагондағы QR-код арқылы немесе https://uvu.kz/ktz сайтында тапсырыс беруге болады. «Перроннан үйге дейін» қызметін 7,4 мыңнан астам жолаушы пайдаланған.

10 адамнан асатын ұйымдастырылған топтар «Пойыз+Автобус» немесе «Тапсырыстық автобус» қызметін пайдаланып, теміржол қатынасы жоқ Баянауыл мен Степногорск секілді солтүстік аймақ елді мекендеріне Астанадан сапарлай алады. Тапсырыс uvu.kz/salonktz сайты арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 280 жолаушы тасымалданды.

Қазақстанның көлік жүйесінің тиімділігі мен ыңғайлылығын арттыру үшін жолаушылар тасымалындағы заманауи технологиялар DB Engineering & Consulting GmbH неміс компаниясымен ынтымақтастық аясында енгізілуде.

«Серіктестік теміржол және автобус бағыттарын біріктірудің пилоттық жобаларын және «Пойыз+Ұшақ» жүйесін құруды қамтиды. Астана, Алматы және Шымкентте көлік хабтарын кеңейтіп, пойыздан пойызға ауысып отыру тәсілдерін жақсартып, өңірлердің үздік байланысын қамтамасыз ету жоспарлануда. Екі компанияның басты міндеті – жолаушыларға вокзалдан үйге дейін жайлылықты қамтамасыз ету», — деп атап өтті интермодальды тасымалдау жөніндегі бас директор Николас Сидоровс.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ немістің DB Engineering & Consulting GmbH компаниясымен бірлесіп, жолаушылар сапарын барынша ыңғайлы және тиімді ету үшін цифрлық платформаларды және әртүрлі көлік компанияларымен ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр.

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды