Алматы-Жезқазған бағытына жаңа жолаушылар вагондары қосылды

Алматы қаласы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалына отандық өндірістен шыққан 12 жаңа заманауи вагоны жеткізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

№73/74 «Алматы-Жезқазған» бағытында жүретін пойыздың құрамына 6 купелік және 6 плацкарттық жаңа вагондар қосылды. Вагондар ауа баптау жүйелері, тамбурларда орнатылған бейнебақылау камералары, ауаны тазартатын сүзгілер, түтін датчиктері және биодәретханалармен жабдықталған. Сонымен қатар, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін купелерде электр розеткалары мен USB ұяшықтары орнатылған.

«Ұлттық тасымалдаушының вагон паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. №73/74 «Алматы-Жезқазған» пойызы күн сайын тұрақты түрде қатынайды. Бұл вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін созылады, әрі бір сапарда 540 жолаушыны тасымалдау мүмкіндігі бар», – деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми өкілі Нариман Дүйсекеев.

Естеріңізге сала кетсек, 2023-2024 жылдар аралығында Ұлттық тасымалдаушының паркі 150 жаңа вагонмен толықтырылды. Бұл вагондар Атырау-Маңғыстау, Ақтөбе-Атырау, Павлодар-Түркістан және Қызылорда-Семей бағыттарында қатынап жүр.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады