Шалқарға қосымша пойыз шықты

Жолаушылар тасымалы
25.10.2024, 10:43
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Республика күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қосымша төрт пойызды іске қосты. Соның бірі – №630/629 «Ақтөбе-Шалқар» пойызы. Енді бұл бағыт бойынша 22 қазаннан бастап күнара тасымал қызметі ұйымдастырылады.

№630/629 «Ақтөбе-Шалқар» қатынасындағы коммерциялық жолаушылар пойызы 6 вагоннан тұрады. Оның ішінде 3 купе және 3 плацкарт вагондары бар. Жол жүру билетінің бағасы купе вагоны үшін – 5800 теңге, ал плацкарт вагоны үшін – 4000 теңге. Жолаушылар билет құнына шағым айтпады. Керісінше, бұл бағытқа тез билет табылғанына, вагонның тазалығына, қызмет көрсету сапасының жоғарылай түскенін жарыса айтып жатты. Расында «Жолаушылар тасымалы» АҚ соңғы жылдары сервистік қызмет сапасын арттыруға күш салуда.  

«Шалқарға пойыз шыққанын естіп, қуанып билет алдық. Бірінші рет қиындықсыз. Себебі осыған дейін алдын ала қамдансақ та билет табу қиын еді. Кірген бойда тазалығы жарқ ете қалды. Таза, жаңа вагондар мерекелік көңіл күй сыйлап тұр. Алғысымыз шексіз», – дейді жолаушы Қанымкүл Әлімбай.  

№630/629 коммерциялық пойызда Шалқарға дейін – 25 аялдама, ал №6992/6991 қала маңындағы пойызда Шалқарға дейін 30 аялдама бар. Жолаушы тасымалын ұйымдастырушылар алдағы уақытта қосымша вагон қосу мүмкіндігі де қарастырылатынын атап өтті.  

«22 қазан күні кешкілік «Ақтөбе-Шалқар» бағытына құрамында үш купе, үш плацкарт вагоны бар пойыз жіберілді. Жолсеріктердің саны 10 адам. Шалқарлықтар ризашылықтарын айтып, алғысын жаудырып жатыр. Бұл пойыздың Ақтөбеден жөнелтілу уақыты сағат 22:00 болса, Шалқардан шығатын уақыты 23:30. Әлі де сұраныс болып жатса, қосымша вагондар қосамыз», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалының Ақтөбе телімі бойынша басшысы Нұрбек Қуатов.  

«Сарыарқа-компани» ЖШС 2016 жылдан бері «Ақтөбе-Шалқар» әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынас бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырып келеді. №6991/6992 «Ақтөбе-Шалқар» қатынасындағы қала маңындағы пойыз 7 вагоннан: оның ішінде жұмыс күндері 3 плацкарт және 3 жалпы вагон, демалыс және мереке күндері 3 плацкарт және 4 жалпы вагоннан тұрады. Жүру жиілігі – аптаның 1,3,5,6,7 күндері. Ақтөбе мен Шалқар арасын жалғайтын пойыздың жол жүру бағасы – 2135 теңгені, жалпы вагонда 883 теңгені құрайды.  

№204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.  

№216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.  

№201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды. Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады. 25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады.  

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті