«Аналарға Көмек» қоғамдық қоры «Жалын тобының» жас өнерпаздары Ұлттық тасымалдаушының №10 «Астана-Алматы» пойызында күй тартты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Астанада өткен жарыста бас жүлдені иеленіп, шабытқа толы күй орындаған домбырашыларға пойыз жолаушылары қошемет көрсетіп, ықылас танытты.
Домбырашылар «Ер Тұран» мен «Балбырауын» сияқты әйгілі күйлерді орындап, өз шеберліктерін паш етті. Жолаушылардың пікірінше, өскелең ұрпақтың өнерінен патриоттық сезім мен ұлттық мәдениетке деген құрмет анық көрінеді.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында әртістер жиі дайындық жасап, өз өнерлерін көрсетіп, барлық жолаушыларды ерекше өнермен қуантады.