ҚТЖ «Вагоннан вагонға ауысу» қызметін енгізді

Жолаушылар тасымалы
18.12.2024, 15:17
Оқуға 1 мин

Ұлттық тасымалдаушы bilet.railways.kz сайтында жолаушыларға бір пойыздың ішінде орын ауыстырып, билет сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Жоба интермодальды тасымалдарды дамыту аясында Ұлттық тасымалдаушы мен неміс мамандары Deutsche Bahn-мен бірлесе жүзеге асырылды.

Қызметті пайдалану тәртібі:

1.Жолаушы bilet.railways.kz сайтына кіреді.

2.Бағыт пен сапар күнін таңдайды.

3.Тікелей билет болмаған жағдайда, жүйе автоматты түрде пойыз+пойыз немесе вагон+вагон ауысу қызметтерін ұсынады.

4.Балама нұсқаларды қарау үшін «Вагоннан вагонға ауысу» бөлімін таңдау қажет.

5. Ұсынылған нұсқалардың ішінен бір пойыз аясындағы қолайлы билет нұсқасын таңдайды.

6. Билетті рәсімдеу үшін жолаушы қажетті жеке ақпаратты толтырады.

Мәселен, жолаушы 28 желтоқсан күні Астана-Алматы бағытына билет сатып алуды жоспарлайды. Алайда бұл бағытта орын болмаған жағдайда жолаушы әуелі Астана-Ағадыр бағытына билет сатып алып, кейін Ағадыр-Алматы бағытына сол пойыздың басқа вагонынан билет рәсімдей алады.  

«Вагоннан вагонға ауысу» қызметі жолаушыға бір пойызда орын ауыстырып, екі бөлек билет арқылы межелі станция — Алматыға дейін жетуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін іске қосылған «Пойыздан пойызға ауысу» қызметі жолаушыларға балама бағыттарды пайдалану мүмкіндігін ұсынып, жоғары сұранысқа ие болды. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті