ҚТЖ пойыздарында Аяз ата мен Ақшақар жас жолаушыларды Жаңа жылмен құттықтауда

Жолаушылар тасымалы
30.12.2024, 11:09
Оқуға 1 мин

Жаңа жыл қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Kaztechnology компаниясымен бірлесіп, безендірілген пойыздар мен электр пойыздарында жолаушыларға құттықтау шараларын ұйымдастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аяз ата мен Ақшақар кейпіндегі жолсеріктер жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, балаларға ерекше сыйлықтар тарту етуде. Бүлдіршіндер қуанышпен тақпақтарын оқып, мерекелік шараның жарқын қатысушыларына айналып отыр. Жаңа жылдық шара аясында 2000-нан астам балаға сыйлық табыс етіледі.

№4/3 «Астана–Алматы», №6803/6804 «Астана–Атбасар», №7507/7508 «Астана–Көкшетау» және №7553/6811/6812/7556 «Қарағанды–Астана–Бурабай» бағытындағы пойыздар қар ұшқындары, қысқы пейзаждар, шырша ойыншықтары мен гирляндалармен безендірілген. Бұл пойыздар қаңтар айына дейін қатынап, жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Жолаушылар жолсеріктерге алғыстарын білдіріп, Жаңа жыл мерекесінде безендірілген пойыздарда сапарлау ерекше әсер қалдырғанын атап өтті. Олардың айтуынша, балалар үшін пойызда Аяз ата мен Ақшақарды көру – ұмытылмас қуаныш пен естелікке толы қызықты сәт болды.

Айта кетейік, Аяз ата мен Ақшақар Жаңа жылды қарсы алатын түні де пойыздарда жолаушыларды құттықтайды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды