Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 700-ден астам жолаушы Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен тасымалданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тас жолдардың уақытша жабылуы және басқа көлік түрлерінің қозғалысы шектелуі жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік құралы болып саналады.

Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Сарыбель, Макинка, Елтай, Ақкөл, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан 700-ден астам жолаушы тасымалданды.

Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.