Қазақстан мен Өзбекстан жолаушылар тасымалы саласында серіктестікті нығайтуда

Астанада «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ басшылығының жұмыс кездесуі өтті. Тараптар жолаушылар тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және серіктестік қатынастарды нығайту жолдарын талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасында туристік пойыздардың қозғалысы жөніндегі келісім жасалып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс тобы құрылды. Бұл бағыттағы алғашқы маңызды қадамдардың бірі ретінде «Jibek joly» туристік пойызының іске қосылуы екі елдің теміржол компанияларының табысты ынтымақтастығының жарқын үлгісі болды.

Бағыттың жоғары танымалдығы мен оның екі ел үшін маңыздылығын ескере отырып, тараптар «Jibek Joly» жобасын дамыту және басқа да бағыттар бойынша ұқсас туристік маршруттарды ашу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстанның туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа халықаралық «Астана-Самарқанд» бағытын ашу мәселесі талқылануда.

Кездесу барысында халықаралық бағыттардағы пойыз қозғалысының кестесін жолаушыларға ыңғайлы ету және жолаушылар ағынын ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды.

Өзбекстан тарапының ұсынысы бойынша №1/2 «Алматы-Ташкент» пойызының қозғалыс кестесі өзгертіліп, енді жолаушылар үшін жөнелту және келу уақыттары қолайлырақ болды.

№1/2 «Алматы-Ташкент» пойызы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік қатынасының маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Өткен жылы бұл бағытта 72 мыңнан астам жолаушы тасымалданды, бұл маршруттың сұраныс деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді. Екі ел арасындағы қашықтық 988 км құрайды.

Кездесу барысында жолаушылар тасымалын басқару, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету, ақпараттық жүйелерді енгізу және онлайн билет сатуды дамыту бағытында тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және екі ел арасындағы тасымал ағынын арттыру үшін ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда