ҚТЖ пойыздарында интернет қосылады

Жолаушылар тасымалы
24.01.2025, 09:27
Оқуға 1 мин

2025 жылдың 25 қаңтарында заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз ететін пилоттық жоба іске қосылады. Бұл қызмет ең алдымен жолаушылар арасында танымал бағыттардың бірі №3/4 «Астана-Алматы» пойызында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пилоттық жоба аясында заманауи спутниктік технологияларды пайдаланып, пойыздарға ғаламтор қосу мүмкіндігі жоспарлануда. Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Алайда, торренттер мен файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылатын болады. Жобаның техникалық қолдауын Қазақстандағы OneWeb-тің ресми серіктесі Jusan Mobile жүзеге асырады.

Ғаламтор қызметімен қатар, жоба аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және пойыз бригадасының жұмысын оңтайландыру үшін бірқатар заманауи технологияларды сынақтан өткізу көзделіп отыр. Олардың ішінде:

● Билеттерді жылдам және ыңғайлы тексеруге арналған жолсеріктердің мобильді құрылғылары;

● Вагон-мейрамханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мүмкіндік беретін POS-терминалдар;

● Қауіпсіздік деңгейін арттыру және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін пойыз басшыларына арналған бейнетіркеуіштер;

● Вагондардағы жағдайды бақылауды күшейту үшін орнатылатын бейнебақылау жүйелері.

Бұл пилоттық жоба Қазақстанның өзге бағыттарында ғаламтор қызметін дамытуға ықпал етеді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды