Астанадан Жеңіс күніне арналған тақырыптық пойыздар жолға шықты

Жолаушылар тасымалы
09.05.2025, 09:27
Оқуға 1 мин
Фото Солтана Жексенбекова

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласынан арнайы безендірілген екі пойыз – №3/4 «Астана–Алматы» бағытындағы Тальго пойызы және №6803 «Астана–Атбасар» электр пойызы жолға аттанды. Бұл пойыздар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырларына арналған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мерекелік безендіру арқылы сол бір тарихи кезеңнің рухы мен қаһармандарына деген тағзым көрсетілді. Вагондардың сыртына Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев сияқты ел жадында қалған ерлердің портреттері мен алғыс сөздері бейнеленді. Сондай-ақ, жолсеріктердің киіміне тағылған жеңіс ленталары да мерекелік әсерді күшейте түсті.

Жолаушылар ерекше безендірілген пойыздарды қызығушылықпен қарсы алып, суретке түсіп, мерекелік көңіл-күймен бөлісті.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ дәстүрлі түрде мемлекеттік және ұлттық мерекелерге орай осындай арнайы жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл бастама халықтың тарихи санасын жаңғыртып, жолаушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды.

Тақырыптық пойыздар мамыр айының соңына дейін қатынап, жолаушыларға соғыс жылдарының ерлік шежіресіне тағы бір үңілуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл