Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойыз Алматыға келді

Алматы-2 теміржол вокзалына Қытайдан келген «Сиань-Алматы» бағытындағы алғашқы халықаралық туристік пойыз келіп жетті. Қытайдан келген туристерді қарсы алу құрметіне перронда ұлттық өнер көрсетіліп, домбыраның әуезді күйі шырқалған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараға қос елдің мемлекеттік және көлік салаларының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Сиань қаласының мәдениет және туризм басқармасының директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің Төрағасы, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің Төрағасы қатысты.

«Ұлттық тасымалдаушы «Сиань – Алматы» бағытындағы халықаралық туристік пойыздың жолаушыларын қарсы алуға қуанышты. Пойыздың Қазақстан аумағымен қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілді.Халықаралық бағдардың ерекшеліктерін ескере отырып, пойыз қозғалысына арналған арнайы кесте әзірленді», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Құрам 9 вагоннан тұрады. Туристік делегация құрамында 246 адам бар. Олардың қатарында  кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет пен спорт саласының танымал өкілдері бар. Қытайлық қонақтар бес күн бойы еліміздің оңтүстік астанасының тарихи-мәдени ерекшеліктерімен танысып, түрлі шараларға қатысады. Бағдарлама аясында төмендегідей іс-шаралар жоспарланған:

● 1 маусым – Сиань–Алматы мәдени туризм апталығының ресми ашылуы және қарсы алу рәсімі;

● 2 маусым – Республика сарайы алдындағы алаңда өтетін ауқымды мәдени-гуманитарлық фестиваль;

● 3 маусым – Алматы қаласының мұражайлары мен көрнекті орындарына экскурсиялар;

● 4 маусым – жастар мен спортшыларға арналған іс-шаралар, соның ішінде достық матчтар мен әйел кәсіпкерлерімен кездесулер;

● 5–6 маусым – пойыздың кері бағытта жолға шығуы;

● 7 маусым, сағат 18:30 (Пекин уақытымен) – пойыздың Сиань қаласына оралуы.

Аталған жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени қарым-қатынасты тереңдетіп, туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырған бастама — теміржол туризмін дамыту және Қазақстанның халықаралық туристік мәртебесін арттыруға бағытталған басым жобалардың бірі.

Пойыз Үрімжі қаласы арқылы өтіп, Қорғас халықаралық шекарасына тоқтады. Мұнда пойыздың дөңгелек жұптары ауыстырылды. Одан әрі пойыз Алтынкөл станциясы арқылы Алматы қаласына келіп жетті.  

Туристік пойыз жобасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен жүзеге асырылып, оған Шэньси провинциясы үкіметі, Сиань қаласының және Алматы қаласының әкімдіктері, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі қолдау көрсетті.  

Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады