Stadler Kazakhstan вагондары 10 мың шақырымдық сынақтан өтті

Жолаушылар тасымалы
07.10.2025, 09:45
Оқуға 2 мин
Сурет: «Штадлер Қазақстан» ЖШС баспасөз қызметі

Астанадағы «Штадлер Қазақстан» зауытында өндірілген жаңа жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Сынақтар қыркүйек айында басталып, Кеден одағының ТР ТС 001/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүргізілуде. Тестілік жүрістер еліміздің әртүрлі теміржол учаскелерінде өтуде. Заманауи вагондар Қарағанды, Тараз, Шымкент және Өскемен бағыттарында сынақтан өткізілді.

Тексеру барысында жаңа вагондар тежеу жүйесінің сенімділігін, жүріс бөлігінің орнықтылығын және қауіпсіздік жүйелерінің тұрақтылығын көрсетті.

Жаңа вагондардың басты артықшылықтары – жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи инженерлік шешімдер мен ойластырылған эргономика. Әр купеде жеке климат-бақылау жүйесі, розеткалар мен USB-порттар, жолсерікті шақыру батырмасы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тактильді белгілер қарастырылған. Вагондар тіпті күрделі климаттық жағдайларда да пайдалануға бейімделген. Вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.

2025 жылдың соңына дейін зауыт Ұлттық тасымалдаушыға алғашқы партияны тапсырады. Оның құрамына купейлік, плацкарттық, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы вагондар және генераторлық вагондар кіреді. Сонымен қатар, Stadler жылжымалы құрамға 20 жыл бойы сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Жалпы, 2030 жылға дейін 557 жаңа вагон пайдалануға беріліп, компанияның вагон паркі 100%-ға жаңартылады.

2026 жылдан бастап Stadler пойыздары № 3/4 «Астана—Алматы», № 353/354 «Астана—Семей», № 85/86 «Астана—Шымкент», № 47/48 «Астана—Атырау» бағыттарына шығарылады.

Вагон паркін жаңарту және Stadler вагондарын енгізу – еліміздің теміржол саласының дамуындағы маңызды кезең, ол қызмет көрсету сапасын және жолаушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті