ҚТЖ жаңа плацкарт вагондарының алғашқы бейнелерін жариялады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Штадлер Қазақстан» ЖШС компаниясы ел ішінде пайдалануға берілетін жаңа үлгідегі плацкарт вагонының алғашқы суреттерін ұсынды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Заманауи вагондар Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін, ұзақ бағыттардың жүктемесін және халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған.

Плацкарт вагондары 58 жолаушыға арналған. Жаңа жобалау шешімдерінің арқасында вагонның ішкі кеңістігі тиімді ұйымдастырылды. Кіреберіс бөлігінде жүк қоюға арналған сөрелер бар, ал жолсерікке бөлек демалыс аймағы, шағын асүй және басқару бөлімі қарастырылған.

Жоғарғы орындарға шығуға арналған жаңа үлгідегі баспалдақ орнатылған. Үшінші деңгейде жолаушылардың заттарын салуға арналған кең багаж сөрелері орналастырылған. Әр орын жеке шаммен, 220V розеткасымен, USB және USB-C порттарымен жабдықталған. Төменгі орындардың астында екі багажды қойуға арналған арнайы орын бар. Ал орталық үстел 200 кг-ға дейінгі салмақты көтере алады.

Алғашқы отандық Stadler вагондары 2026 жылдан бастап келесі бағыттарда жүретін болады:

• № 3/4 «Астана — Алматы»

• № 353/354 «Астана — Семей»

• № 85/86 «Астана — Шымкент»

• № 47/48 «Астана — Атырау»

Жыл соңына дейін жаңа вагондардың алғашқы легі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға беріледі. Келісім аясында Stadler компаниясы өндірілген вагондарға 20 жыл бойы сервис қызметін көрсетеді. Жалпы жоспар бойынша 2030 жылға дейін 557 вагон пайдалануға беріледі.

Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы