Жазда пойызбен қайда баруға болады: Қазақстан бойынша танымал бағыттар

Жолаушылар тасымалы
25.05.2026, 12:30
Оқуға 2 мин

Жазғы маусымда жолаушылар арасында Алакөл және Балқаш көлдеріне, Каспий теңізі жағалауына, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Бурабай курорттық аймағының бағыттары дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алакөл

Ең сұранысқа ие курорттық бағыт Алакөл көлінің жағалауы болып қалып отыр. Курорттық аймаққа Астана, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Қызылорда облыстарынан 15 маршрут бойынша пойыздар қатынайды.

10 маршрутқа «Жолаушылар тасымалы» АҚ, тағы 2-іне жеке тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Жазғы маусымда Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға 230 мыңға жуық орын ұсынады. Алакөлге дейінгі барлық пойыз вагондары ауа баптағыштармен жабдықталған.

Балқаш

Балқаш көліне пойыздар 8 маршрут бойынша жүреді. Жазғы кезеңде осы бағыт бойынша жолаушылар ағыны орта есеппен 45 мың адамды құрайды.

Бурабай

Бурабай курорттық аймағына дейін 16 маршрут бойынша пойыздар қозғалысы ұйымдастырылды.

Жазғы жолаушылар ағыны орта есеппен 65 мың жолаушыны құрайды.

Түркістан

Түркістанға 16 маршрут бойынша пойыздар қатынайды. Жазғы маусымда жолаушылар ағыны шамамен 60 мың жолаушыны құрайды.

Ақтау

Ақтауға дейін пойыздар 7 маршрут бойынша жүреді. Жазда жолаушылар ағыны орта есеппен 155 мың адамға жетеді.

Сарыағаш

Сарыағашқа 5 пойыз қатынайды. Жазғы кезеңде жолаушылар ағыны 9,5 мыңға жуық жолаушыны құрайды.

Темір жол маршруттарының ең көп саны Астанаға тиесілі - 36. Оларды ай сайын орта есеппен 130 мыңға жуық жолаушы пайдаланады. 

Оңтүстік бағытқа қатынайды:

– Алматыға дейін 26 маршрут;

– Шымкентке дейін 18 маршрут.

Ай сайынғы жолаушылар ағының құрайды:

– Алматы – 155 – 160 мың жолаушы; 

– Шымкент – 70 мыңға жуық жолаушы.

Жазғы кезеңде Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен барлығы 4,2 млн-нан астам жолаушы тасымалдау жоспарлануда.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды