Жазғы маусымда жолаушылар сұранысының артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы «Қарағанды – Балқаш», «Семей – Достық» және «Өскемен – Достық» бағыттары бойынша қосымша қала маңы пойыздарын тағайындайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл бағыттар өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға және жаз мезгілінде жолаушыларды тасымалдауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

1. №220/219 «Қарағанды – Балқаш» пойызы

Пойыз 2026 жылдың 1 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Жол бойында 19 аялдама қарастырылған.

Қозғалыс кестесі:

  • Қарағанды станциясынан жөнелту — 06:00;
  • Балқаш станциясына келу — 12:48;
  • Балқаш станциясынан жөнелту — 13:45;
  • Қарағанды станциясына келу — 20:53.

Пойыз құрамында 6 вагон бар: 2 купе және 4 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 300 орын.

2. №457/458 «Семей – Достық» пойызы

Пойыз 2026 жылдың 3 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.

Қозғалыс кестесі:

  • Семей станциясынан жөнелту — 16:04;
  • Достық станциясына келу — 10:55;
  • Достық станциясынан жөнелту — 12:35;
  • Семей станциясына келу — 06:02.

Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 354 орын.

3. №459/460 «Өскемен – Достық» пойызы

Пойыз 2026 жылғы 3 маусымнан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.

Қозғалыс кестесі:

  • Өскемен станциясынан жөнелту — 15:20;
  • Достық станциясына келу — 11:05;
  • Достық станциясынан жөнелту — 12:35;
  • Өскемен станциясына келу — 07:22.

Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 354 орын.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассалары және мобильді билет сату сервистері арқылы алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан білуге болады.