Балаларды қорғау күніне орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарының жолсеріктері жас жолаушыларды мерекемен құттықтап, оларға 1 мыңнан астам сыйлық боксын табыстады. Әр жиынтық ішінде ойыншықтар, бояу суреттері, түрлі-түсті қарындаштар мен тәттілер салынған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мерекелік көңіл күй қалыптастыру үшін вагон-мейрамханалар түрлі-түсті шарлармен безендірілді. Сонымен қатар, жолда балаларға арналған мультфильмдер мен ойын бағдарламалары бар мультимедиялық ойын-сауық порталы қолжетімді.

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушы жыл сайын Балаларды қорғау күніне орай серіктесі – «Kaztechnology» ЖШС-мен бірлесіп, пойыздағы жас жолаушыларға сыйлық таратады. Мұндай игі шараларды өткізу компанияның дәстүріне айналған.