ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады

Жазғы демалыс кезеңінде жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бағыттар бойынша төрт қосымша Тальго пойызын жолға шығарады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Компания мәліметінше, 2026 жылғы 18 маусымнан бастап қосымша пойыздар Астана – Достық, Алматы – Достық және Алматы – Семей бағыттарында қатынайды. Бұл шешім өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

№254/253 «Нұрлы жол – Достық» пойызы 22 маусым мен 31 тамыз аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Құрамында 27 вагон болады. Пойыз 344 жолаушыға арналған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы купе қарастырылған.

Ал №211/212 «Алматы-2 – Достық» пойызы 20 маусымнан 30 тамызға дейін тақ күндері қатынайды. Құрамында 23 вагон бар, жалпы сыйымдылығы – 326 орын.

№207/208 «Алматы-2 – Достық» бағыты бойынша тағы бір қосымша пойыз 19 маусым мен 29 тамыз аралығында жұп күндері жүреді. Оның құрамында 22 вагон қарастырылған және 288 жолаушыны тасымалдай алады.

Сондай-ақ 18 маусымнан бастап №231/232 «Алматы-2 – Семей» пойызы іске қосылады. Ол 30 тамызға дейін күн ара, яғни жұп күндері қатынайды. Құрамында 22 вагон бар пойыз 288 жолаушыға есептелген.

Теміржол билеттерін bilet.railways.kz сайты арқылы, билет кассаларынан және мобильді сервистер арқылы сатып алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін байланыс нөмірі немесе Жолаушылар тасымалының Instagram парақшасы арқылы алуға болады.

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда