Ұлттық тасымалдаушы жоғалған отырғызу талонын қалпына келтіру жолын түсіндірді

Жолаушылар тасымалы
19.06.2026, 10:03
Оқуға 1 мин

Іссапардан немесе сапардан кейін есеп беру үшін қажет болатын отырғызу талонын жоғалтып алатын жолаушылар жиі кездеседі. Алайда мұндай жағдайда алаңдаудың қажеті жоқ құжатты бірнеше минут ішінде қайта алуға болады деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ отырғызу талонының көшірмесін алу үшін bilet.railways.kz сайтында арнайы онлайн қызмет қолжетімді екенін еске салады.

Отырғызу талонын қайта алу үшін:

  • bilet.railways.kz сайтына кіріңіз;
  • «Жолаушыларға» бөлімінен «Отырғызу талоны» қызметін таңдаңыз;
  • билет нөмірін немесе жол жүру құжатын рәсімдеу кезінде пайдаланылған құжаттың деректерін енгізіңіз;
  • тексеруден өтіп, отырғызу талонын электронды форматта жүктеп алыңыз.

Алынған құжатты мобильді құрылғыға сақтауға, электрондық поштаға жіберуге немесе қағазға басып шығаруға болады.

Сонымен қатар отырғызу талонын жол жүру кезінде жолсеріктен алуға немесе теміржол билет кассаларында қайта рәсімдеуге болады. Ол үшін электронды билет нөмірін, пойыздың жөнелтілген күнін және отырғызу станциясын көрсету қажет.

Отырғызу талоны тек сапар аяқталғаннан кейін ғана қалыптастырылады. Егер жолаушы билет сатып алғанымен, пойызбен жол жүрмеген болса, пайдаланылмаған билет бойынша отырғызу талоны берілмейді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды