Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі

Әлеуметтік желілерде пойыздарда жәндіктердің анықталғаны туралы жолаушылардың жарияланымдары кездеседі. Мұндай жағдайлар тек Ұлттық тасымалдаушының пойыздарына ғана емес, елімізде қызмет көрсететін 13 жеке тасымалдаушының пойыздарына да қатысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Егер «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында жәндіктер анықталса, жауапты қызметтер бірден тиісті шараларды қабылдайды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес, әрбір жолаушылар вагоны рейске шығар алдында міндетті түрде санитариялық өңдеуден өтеді.

Компанияда жолаушылардың санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңдеудің үш түрі тұрақты жүргізіледі:

* Дезинфекция – әр рейс алдында жүргізіліп, жұқпалы ауру қоздырғыштарын жоюға және олардың таралуының алдын алуға бағытталған.

* Дезинсекция – жәндіктерді жоюға арналған арнайы өңдеу. Оның барысында кенелер, бүргелер, биттер, масалар, шыбындар, құмытылар, құм шыбындары, құмырсқалар, тарақандар және қандалалар секілді зиянкестерге қарсы шаралар қабылданады. Дезинсекция айына кемінде бір рет, сондай-ақ, эпидемиологиялық қажеттілік туындаған жағдайда қосымша жүргізіледі.

* Дератизация – кеміргіштердің пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған кешенді санитариялық шара. Айына кемінде бір рет және қажет болған жағдайда қосымша жүргізіледі.

Әрбір санитариялық өңдеуден кейін вагондардың жай-күйі міндетті түрде тексеріледі. Егер жәндіктер қайта анықталса, вагон қосымша өңдеуден өткізіледі. Қажет болған жағдайда мәселе толық шешілгенге дейін вагонның пайдалануға шығу мерзімі кейінге шегеріледі.

Санитариялық өңдеу жұмыстарын «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның филиалдары осы қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы қызмет көрсету сапасы немесе санитариялық жағдай бойынша жолаушылар WhatsApp желісіндегі +7 776 714 5686 нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ, әр вагонда орналастырылған QR-кодты сканерлеу арқылы WhatsApp чатындағы операторға тікелей өтініш жолдауға мүмкіндік бар.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1433 тегін байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды