Арыста қауіпсіздік пен тасымал қамтамасыз етілуде

Жолаушылар тасымалы
28.06.2019, 10:32
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Арыс қаласында төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық күшін соған жұмылдырды. «Шымкент-Арыс-Темір» телімінде пойыздар қозғалысы тоқтатылуына байланысты ұлттық тасымалдаушы компания тарапынан жолаушыларды тиісті жеріне қалай да жеткізудің басқа амалдары қарастырылды.

Осы және өзге де жұмыстар туралы сәрсенбі күні «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері өткізген арнайы брифингте мәлім болды. Компанияның сервис және клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Әлібек Сұлтановтың айтуынша, орталық аппаратта жедел штаб құрылып, Шымкент, Түркістан, Тараз станцияларындағы барлық тиісті қызметтер мен билет кассалары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшірілді.

– Қоғам қызметкерлері тәулік бойына жұмыс істеуде. Жолда және тиісті станцияларда кідіртілген пойыздардың жолаушыларын жергілікті атқарушы органдармен бірге тегін су және тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ «Шымкент-Арыс-Темір» телімінде пойыздар қозғалысы тоқтатылуына байланысты жолаушыларды соңғы станцияларына жеткізу үшін Түркістан, Қызылорда облысы және Алматы қаласы әкімдіктерімен бірге көліктер (автобустар, минивэндер) шығарылуда, – деді Ә.Сұлтанов.

Сонымен Батыс Қазақстаннан Алматы қаласына бет алған пойыздар Түркістан станциясына дейін жеткесін, әрі қарай пойыз жолаушылары автобустарға отырғызылып, Шымкент станциясына дейін жеткізілуде. Сосын жолаушыларды Алматы қаласына дейін кететін құрамдарға қайта отырғызады. Дәл сол сияқты Алматыдан батысқа бағыт алатын жолаушылар да баламалы тәсілмен тасымалдануда.

Соған қоса пойыздардың жартысы еліміздің оңтүстік өңірлерінен айналып өте «ЖезқазғанЖарық» жол бөлігі арқылы баламалы бағдар бойынша бағытталуда. Мұндай 13 пойыз бар. Арыс станциясы арқылы қозғалыс жабылған сәттен бастап жоғарыда айтылған іс-әрекеттердің көмегімен 11 мыңнан астам жолаушы тасымалданған, оның 2 мыңнан астамы автокөліктермен жеткізілген.

Бүгінгі таңда «Шымкент-Арыс-Түркістан» теліміндегі қозғалыс ашылғанға дейін кестеде көрсетілген 10 жолаушы пойызын ЖезқазғанСексеуіл телімі арқылы бағыттау туралы шешім қабылданды. Бұл пойыздар Түркістан мен Шымкентке жетпей бұрылады.

Осыған орай өз ақпараттық алаңдарыңызда аталған мәліметті барынша кеңінен таратуларыңызды өтінеміз. Соның арқасында жолаушылар өздерінің қалай, қай бағытта қозғалатындарын алдын ала біліп, өзгерістерге дайын болады.

Бұл ақпарат барлық станцияларда, жөнелту пункттерінде де, аралықтағы пункттерде де елге таратылуда. Сапарға шығудан бас тартқан жағдайда жолаушыларға жол жүру құжаттарының (билеттері) толық ақысы 100% қайтарылады.

Ұлттық тасымалдаушы болып жатқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады және пойыздар кестесінің өзгеруі бойынша мәліметтерді 105 бірыңғай анықтама қызметінің телефоны арқылы нақтылауды сұрайды. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды