Сексуілдіктердің сый-құрметіне алғыс

Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Арыс станциясындағы әскери қоймада болған жарылыстың салдарынан пойыздар қозғалысына шектеу қойылып, бекеттен өткізілетін барлық бағыттағы пойыздар тоқтатылғаны баршаға аян. Бірнеше күн бағытын уақытша өзгерткен пойыздардың жолаушыларына Сексеуіл станциясының теміржолшылары тік тұрып қызмет көрсетті.

Діттеген жерлеріне жете алмай, орта жолда қалған жолаушы халық Қызылорда-Сексеуіл-Түркістан бағытындағы қосымша қалааралық пойызымен, автокөліктермен тасымалданды. Бөлімшеге Ақтөбе, Шымкент бағытынан келген жолаушыларға алғашқы күні Қызылорда, Сексеуіл станциясында ас-ауқат берілсе, келесі күндері Шиелі, Қызылорда, Сексеуіл станцияларында оларға жағдай жасау, бағыттарға жөнелту, билетін қайтару жұмыстары жүргізіліп, вокзалдар мен қабылдау пункттері күн-түн демей жұмыс жасады. Жергілікті әкімшіліктен жедел штаб құрылып жұмысқа кірісті. Пойыздар қозғалысы белгіленген кестеге көшкен күнге дейін сексеуілдік теміржолшылар жолаушыларға қолда бар мүмкіндіктерімен көмек көрсетті. «Ағайын осындайда керек» десті риза болған көпшілік.

Жалпы сол күндері сөз көмегін, қол көмегін көрсеткен барша сырбойы теміржолшылары алғысқа лайық, дегенмен ЖТ бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Ерлан Айдаров, штаб мүшелері – Қызылорда ЖТ бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев, магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов, магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Жандарбек Өтегенов, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының локомотив пайдалану жөнінде орынбасары Асылбек Ияров, қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Еркебұлан Аяғанов, Сексеуіл станциясының бастығы Сапарғали Салмаев, станция бастығының орынбасары Махамбет Кенжеғараев, Сексеуіл станциясының пойыз қабылдаушысы Асылан Демеуов, Сексеуіл локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Нұрлан Жұмқанов, цехтық кәсіподақ ұйымының төрағасы, Сексеуіл станциясының парк бойынша кезекшісі Рысқұл Қуатов, Сексеуіл локомотив пайдалану депосының оқыту бойынша машинист-нұсқаушысы Мұхтар Игіліков, Сексеуіл локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Серік Анесов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «РФ Батыс» Қызылорда өндірістік учаскесінің бастығы Алмас Даутбаев, «NOMADAS» ЖШС басшысының орынбасары Сержан Қазақбаев, «Вагон-сервис» АҚ Қызылорда телімінің басшысы Мамай Дәстенов, Қызылорда теміржол вокзалы бастығы Жарас Қойшығұлов, бөлімшенің шұғыл реттеу бөлімінің басшылары Ринат Тасболатов пен Әзімхан Мырзалиев осы күндері төтенше жағдайда тәулік бойы жұмыс істеп, кәсіби міндетке адалдығы мен адами қайыр-шапағаттың үлгісін көрсете білді.

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің солтүстік нүктесіндегі Сексеуіл станциясының теміржолшылары Арыс станциясында орын алған оқыс оқиғаның алғашқы күні 500 жолаушыға, ал жол қатынасы ашылғанша шамамен 5000 жолаушыға көмек көрсетіп, ризашылығын алған екен. Жол азабын тартып, сексеуілдік теміржолшылардың қайырымдылық ниетіне тояттаған жолаушылар түрлі нұсқада алғыс айтуда екен. Қолымызға тиген сондай алғыс хаттың бірінде аттары аталған бірнеше теміржолшыға хабарласып, істің мән-жайына қанығып, жолда қалған жолаушылардың алғысын алған теміржолшыларды қалай дәріптесек те артық болмас еді.

– Маусымның 24 күні Сексеуіл теміржол вокзалында адам нөпірі көп еді. Кешқұрым көмекке мұқтаж 6 кентаулық жолаушыныны мен үйге алып келіп, ас-суын бердім. Сол күні Жамихан Дәрібаев та өз үйіне 4 кентаулық жолаушыны алып барып тамақтандырып көмек көрсетіпті. Біздерге ешкім жолаушыларды үйлеріңе алып барып көмек көрсетіңдер деп бұйрық берген жоқ, қаймана қазақты да құдайықонақ деп қондырған халықпыз, жолда қалғандарға жандары ашып осы сексеуілдің жарты халқы оларды бөліп алып жатты, – дейді Тасболат Тұрмағанбетов. Әбдіуәли Жапақов, Оңғар Төлегенов сынды теміржолшылар да қонақжайлығымен талайдың алғысы мен батасын алыпты.

Сексеуілдік жас теміржолшылар да сауапты шарадан тыс қалмапты. Қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Еркебұлан Аяғанов бастаған жастар бірлесіп бірнеше қой сойып, жолаушыларға ас-ауқат дайындауға атсалысыпты.

– Сексеуіл кентінің әкімдігі тарапынан №87 мектептің спорт залында жолаушыларды орналастыру ұйымдастырылып, тамақтандыру, күту жұмыстары жүргізілді. Сексеуіл локомотив пайдалану депосында тегін жуынып-шайынатын монша әзірленіп, біз, жастар, жолаушыларды сонда және кері тасымалдадық. Барлық жұмысты сексеуілдік теміржолшылар бірігіп, бөлісе атқаруға күш салды, бес күн бойы тыным алмай жолда қалған жолаушыларға қолда бар мүмкіндігімізді көрсеттік. Әрине мұның бәрі жан ашығандықтан туындаған іс, біздің азаматтық парызымыз болатын. Одан біз жаман болмадық, үлкендердің батасын алдық, – дейді Еркебұлан Аяғанов.

– Сексеуіл теміржол вокзалы оқиға орын алған күннен бастап күшейтілген кестемен жұмыс жасады. Алғашқы күні 500-дей жолаушыны күтіп алып, шығарып салу жұмысы жасалды. Сексеуілдік жастар мектепке, мешітке орналасқан жолаушыларға арнап құрбандық қой шалып, табақ-табақ ет тартты, қаражаты түгесілгендерге қаржылай азын-аулақ көмек жасалды. Вокзал қызметкерлері де мүмкіндіктеріне қарай үйіне бірнеше жолаушыдан қондырып, кейбіреулері үйлерінен тамақ пісіріп алып келіп жолаушыларға таратты. Вокзалдағы барлық кондиционері бар бөлмелерге жолаушылар орналастырылды. Мен де бірнеше рет жолаушыларды үйге алып барып ас-суын беріп тынығуына мүмкіндік жасадым, жолаушы халықтың ризашылығы үшін қолдан келгенді жасадық, – дейді Сексеуіл теміржол вокзалының бастығы Оңғар Төлегенов.

Сексеуіл станциясының бастығы Сапарғали Салмаевтың мәліметінше, теміржолшылар мен тұрғындар бес күн бойы бес мың шамасындағы жолаушыны күтіп алып, шығарып салып, үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ете білген. Жабырқағанның жанынан табылып, сүрінгенді сүйеп, ел басына күн туған шақта барымен бөліскен сексеуілдіктерге деген ризашылықтарын білдірген жолаушылардың алғыс арқалаған хаттары ұлттық компания басшылығына дейін жетті... 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды