Көмірге кідіріс жоқ

Жолаушылар тасымалы
20.09.2019, 10:29
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері, яғни 1 мамырдан 16 қыркүйекке дейін теміржол көлігімен 23,5 млн тонна көмір тасымалданды, бұл жоспар көрсеткішінен 1%-ке артық.

2019-2020 жылдар аралығында коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін және халыққа көмір өнімінің қажеттілігі 10,4 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі күні 4,9 млн тонна немесе 47% көмір дайындалды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

«Облыстар бойынша көмір тиеу жоспарының орындалуы: Ақмола, Павлодар, Түркістан, Қостанай, Алматы қалалары бойынша 100% астам, ШҚО, Қарағанды, Астана қалалары бойынша 90% астам, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша 80% астам», – деді Қайырбек Өскенбаев.

ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі өткен жылдан бастап көмір бағасы өзгермегенін атап өтті. Көмір бағасы барлық облыстар бойынша бақылауда тұр. Апта сайын бағалар бойынша жиынтық ақпарат министрге және Үкіметке беріледі. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көмір төрт разрезден әкелінеді. Шұбаркөл көмірінің құны 11,4 мың теңгені, Екібастұз көмірі 9,5 мың теңгені құрайды, Қаражыра көмірінің бағасы 11-13 мың теңгеден, Майкөбе көмірі 12,5 мың теңгеге дейін өзгереді.

Облыс және қала әкімдіктері шілде айынан бастап көмір дайындауды бастады, тұрақты негізде көмір жеткізу мониторингін жүргізеді, жергілікті атқарушы органдарда халыққа көмірдің сату нүктелері және көмірдің бар екендігін түсіндіру үшін жедел желі құрылатын болады. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды