Транзит көлемі кемігені байқалады

Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың он айында тасымал көлемі көп кеміген жоқ. Экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі қалыпты деңгейді сақтап келеді. Әйтсе де, осы кезеңде ресурсұстаушылардан қара мұнай өнімдеріне деген тапсырыс бұрынғыға қарағанда төмен болғанын көреміз.

Оған, әрине, ең алдымен әлемдік нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының құлдырап кетуі, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлемқабілетсіздігі себеп. Директорлар кеңесінің жоспары бойынша пайдаланым жүк айналымы 10 айда бөлімше бойынша 97,6%-ті құраған, яғни 2,4 процентке кем. Жүк вагондарының өнімділігі 102,6%, вагонның орташа тәуліктік жүрісі 102,3%, тиелген вагонның динамикалық салмағы 101,7%, пойыздың орташа салмағы 101%, локомотив өнімділігі 103,5%, локомотив жүрісі 105%, пойыздар қозғалысының учаскелік жылдамдығы 101,1%, вагондардың бір жүк операциясына тұруы 111,6%. Тасымал көлемінің сәл кемуіне вагон тиеуді игермеу, яғни жүк вагондарының кемуі себеп болған. 

Техникалық жоспарға сәйкес 10 айда пайдаланым жүк айналымы 101,5 %-ті құрап, 12 пайдаланым көрсеткіші орындалды. 

Соның ішінде пайдаланым жүк айналымы 101,5%, жергілікті вагон айналымы 102,4%, жүк вагонының өнімділігі 101,9%, вагонның орташа тәуліктік жүрісі 102,7%, орташа статистикалық салмақ 100,9%, тиелген вагонның динамикалық жүктемесі 101%, пойыздың орташа салмағы 100,7%, локомотив өнімділігі 102,3%, локомотив жүрісі 102%, пойыздар қозғалысының учаскелік жылдамдығы 101,1%, бір жүк операциясына жүк вагонының тұруы 103,9%, бір техникалық станцияда вагондардың тұруы 101,1%. Яғни, бәрі де жоспардан артық мөлшерде орындалып, он айда аймақта жүк тасымалы қалыпты болғанын көрсетті. 

Директорлар кеңесі жоспары бойынша кейбір көрсеткіштердің межеден төмен болуының өз себептері бар. Алдымен оған орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі себеп. 

Ал жүк тиеудің кемуіне әсер еткен жағдайларға келсек, Атырау мұнай өңдеу зауытының 16 наурыз бен 17 сәуір және 1 шілде мен 31 тамыз айларында тұтастай екі айға жоспарлы жөндеу жұмыстарына тұруы себеп болған. Зауыт тұрғасын, өнім де шықпайды. Соның салдарынан Теңдік станциясынан ашық түсті мұнай өнімдерін тиеуші «Батыс Транс Групп» ЖШС жүктері азайған. Тиелген вагондар аз болған сайын, жүк айналымы да кемиді (7630 млн.т-кмнетто). 

Жүкжөнелтушілердің жүктен бас тартуы да тасымалға тікелей әсеретеді. Мәселен, «Теңізшевройл» ЖШС Құлсары станциясынан 4132 вагон/143832 тонна сұйытылған газ бен пропан-бутан, 5649 вагон/377623 тонна химикаттарды жіберуден бас тартса, сатып алушылардың төлемқабілетсіздігінен және зауытта газ тазалау қондырғысының жөндеуге тұруы мен «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» зауытында күкірт конвейерінің сынып қалуы салдарынан Қарабатан станциясынан «Тенгизская Транспортная Компания» ЖШС 1800 вагон/116460 тонна, «Истком Транс» ЖШС 540 вагон/34260 тонна түйіршіктелген күкіртті жібере алмаған. Сондай-ақ, маусым айының 17-22 аралығында Қытайға жөнелтілетін кокс, пропан жүктерін түсіруге конвенциялық тыйым қойылғаны, Қытай аумағында тастанды пойыздардың жиналып қалуы және Орта Азиялық темір жол арқылы өтетін кейбір жүктердің шектелуі де жалпы жүк тиеу көлеміне әсер етпей қоймады. 

Атырау өндірістік-техникалық бөлім мамандарының айтуынша, сонымен қатар өткен мерзімде транзитті тасымал көлемінің кемуі де байқалады. Бөлімшемен бұрынғыға қарағанда тәулігіне үш пойызға кем қабылданып жүр. Қиғаш түйіспесінен 2 пойыз, Сағыздан тәулігіне 1 пойыз кем қабылдануда. Пойыз беру де аталған бағыттар бойынша тәулігіне бір-бір пойыздан кеміген. 

Негізгі 12 көрсеткіш 100 пайыздан аса орындалып, пайдаланым жүк айналымы 7630 млн.т-кмнетто болып, 101,5 %-ті құрады. Жүк тиеу көлемі 8376,7 млн тонна, орындалуы – 99,9 процент. 

Пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығының кемуіне жаз айларында (шілде, тамыз) кейбір учаскелерде жылдамдықты шектеуге ескерту берілгендігі, шпалдардың ақаулығы, Мақат-Сағыз, МақатҚұлсары, Мақат-Атырау, АтырауИсатай-Қиғаш аралығында ЖЕЙСМАР, қыркүйек-қазан айларында ПРСМ, ДУОМАТ жол техникаларымен жұмыс жасау үшін 4-6 сағаттық «толаскез» алынуы себеп болған. Станцияларында жүк операциясына келген вагондардың тұрып қалуы, жиналуын күту, локомотивтерді жалғау жұмыстары да техникалық жылдамдықтың төмендеуіне әсер етті. Алайда, жалпы алғанда өңірде жүк айналымы жақсы қарқында келеді. Елдегі карантин шараларының өңірде жалғасуына, әлемдік нарықтағы доллардың өсуі және мұнайдағы баға өзгерістеріне қарамастан тасымал тасқынының қалыпты деңгейі сақталып отыр. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады