Шымкенттен Сарыағашқа дейін автобустармен трансфер ұйымдастырылады

Жолаушылар тасымалы
04.06.2021, 17:10
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ тағы бір қосымша қызметті жолға қойып отыр. Ағымдағы жылдың 3 маусымынан бастап жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін Шымкент станциясынан Сарыағаш курорттық аймағына дейін автобустармен трансфер ұйымдастыру бойынша қосымша қызмет көрсетілетін болады. Ол үшін жолаушы Шымкент және Сарыағаш қалаларындағы автобусқа отыру кезінде жүргізушіге қағаз түріндегі немесе электрондық нұсқадағы теміржол билетін көрсетуі тиіс. «Жолаушылар тасымалы» АҚ логотипі бар автобустар Шымкент теміржол вокзалының тұрақ аймағында және Сарыағаш курорттық аймағында жолаушыларды күтетін болады. Жол жүру құны – бір бағытқа 1800 теңге. 7 жасқа дейінгі балаларға тегін. Қосымша қызмет жолаушы маусымы жанданатын жаз мезгілінде еліміздің түкпір-түкпірінен курортты аймаққа ағылатын халық үшін тиімді екені сөзсіз. Сондықтан ол көпшіліктің көңілінен шығады деген сенім бар. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар «105» анықтама қызметіне хабарласуларына, ал қызметтер сапасы мәселелері бойынша бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін «1433» байланыс орталығына қоңырау шалуларына болады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды