«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен ONAY қызметі теміржол жолаушылары мен қалалық қоғамдық көліктер үшін аралас билетті әзірлеуге бағытталған бірлескен жол картасына қол қойды. Жол картасы шеңберіндегі іс-шаралар құрылым мен техникалық шешімдерді әзірлеуді, қызметкерлерді даярлауды, сондай-ақ оны табысты енгізу үшін жобаның қаржылық моделін құруды қамтып отыр. Құрамдастырылған (аралас) билет ONAY қызмет көрсететін қоғамдық қалалық көлікте «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылары үшін бірыңғай жол жүру құжаты болып табылмақ. Бұл пойыздан түскен жолаушыларға жергілікті көлік картасын сатып алуға жүгінбей, вокзалға келген сәттен бастап өзінің діттеген соңғы нүктесіне кедергісіз жетіп алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ONAY карталарының иелері көлік карталарын пайдалана отырып, теміржол билеттерін сатып алу мүмкіндігіне ие. Сонымен, құрамдастырылған билет жобасы саяхаттау процесін айтарлықтай жеңілдетумен қатар, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ұлттық тасымалдаушының клиентке бағдарлануын жақсартуға ықпал ете отырып, тасымалдардың интермодалдығын дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиясының бөлігі болып табылуда.
«Интермодалдық жолаушылар тасымалы алғашқы кескін-келбетке ие болуда. Осы арада, серіктестеріміздің біздің жаңа жобамызды қолдап және біздің оң өзгерістерімізге белсенді қатысып жатқанына өте қуаныштымыз!» – деп алғысын білдірді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры П.Штурм.