Сарыла күткен Атырау - Д. Нұрпейісова бағытындағы пойыз тамыздан бастап жүре бастайды

Жолаушылар тасымалы
23.07.2021, 09:54
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау облысының Құрманғазы ауданына пойыз жүргізу мәселесі облыстық мәслихатта қаралып, мақұлданған болатын, деп хабарлайды Rail-news.kz. Соған сәйкес 13 шілдеде облысішілік Атырау – Д.Нұрпейісова станциясы бағыты бойынша теміржол тасымалдаушысын анықтау мақсатында ашық конкурс туралы хабарландыру жарияланды.

«Қатысуға ниет білдірген 5 мекемеден құжаттар қабылданды. Конкурс комиссиясының отырысы өтті, жеңімпаз 15 күн ішінде анықталады, содан кейін онымен және Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы арасында келісім жасалады», – деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жолаушылар пойызын іске қосу тамыз айына жоспарланған. Қазіргі таңда пойыз эксперименталды кезеңнен толық өткен. Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаровтың айтуынша, Атырау облыстық әкімдігі және «Қазақстан темір жолы» компаниясының бастамасымен іске қосылған жоба бойынша Құрманғазы, Исатай аудандарының мәслихат депутаттарымен пойыз кестесі де келісілген. Пойыз Атырау станциясынан 18:00 сағатта шығып, Дина Нұрпейсова станциясына 01:00-де жетеді. Яғни, аралық жүру уақыты 7 сағат. Ал кейін қарай түнгі 02:00-де шығып, таңғы 09:00-де Атырау станциясына келеді. Пойыз жолдағы барлық станциялар мен разъездерге тоқтайды. Жол жүру ақысы: плацкарт вагон Аққыстау станциясына дейін – 218 теңге, Исатай станциясына – 464, ал ақырғы Д.Нұрпейсова станциясына 1200 теңге шамасында болмақ. Пойыз құрамында 1 плацкарт, екі жалпы вагон болады, ол күн сайын қатынайды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды