Нұр-Сұлтаннан және Алматыдан Маңғыстауға жүрдек пойыз ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ – «Экспресс» филиалының сервистік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Сұлтан Сырлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
"2021 жылдың желтоқсан айында «Тұлпар-Тальго» зауытынан 62 жаңа вагон аламыз деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта сол вагондардан Маңғыстауға елорда мен Алматыдан жүрдек пойыз ашу көзделіп отыр", - деді Сұлтан Сырлыбаев.