Темір жолда 45 жыл еңбек еткен қазалылық екі маман зейнетке шықты

ҚТЖ келбеті
29.03.2022, 11:54
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосының ұжымы екі бірдей майталман маманды зейнет демалысына шығарып салды. Бар саналы ғұмырын депоның өркендеуіне жұмсаған Ізбасхан Құдайбергенов пен Тарғын Орымбаев – қандай құрметке де лайық жандар.

Темірдей тәртібі мен қатаң талабы қатар жүретін теміржол саласында 45 жылдан аса еңбек еткен Тарғын да, Ізбасхан да депо тарихында өз қолтаңбаларын қалдырғаны сөзсіз. Екеуі де бекер «Кәсібі бойынша үздік» атанбағаны да белгілі.

– Біздің қос әріптесіміз – Қазалы вагон пайдалану депосының өсіп-өркендеуіне қолдан келгенше атсалысқан азаматтар. Сонша жылғы ақ-адал еңбектеріңіз бен кейінгі буын жастарды баулып, тәрбиелеудегі тәлімгерліктеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Төккен терлеріңіз бен бейнеттеріңіздің енді тек зейнетін көріңіздер. Қырық жыл сыйласып жұмыс істеген ұжым сіздерді қимастықпен зейнетке шығарып салып отыр. Шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, өздеріңізге ұзақ ғұмыр тілейміз, – деп ұжым атынан қос ардагерге ақ тілегін жеткізген депо бастығы Арғын Орымбаев олардың иығына жауып, құрмет көрсетті.

Бүгіннен бастап зейнеткерлер қатарын толықтырған қос азамат та ұжымдастарына алғыс айтып, ендігі жерде өздері баулып өсірген жастарға, сенім артатындарын жеткізді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті