ҚТЖ-ғы «Болашақ» түлегі бірнеше ұтымды ойларын іске асырды

ҚТЖ келбеті
01.04.2022, 10:54
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлектері Қазақстан темір жолының түрлі салаларында абыройлы еңбек етуде. Солардың бірі Данияр Қабылжанов «Жолаушылар тасымалы» компаниясында маркетинг бойынша бас менеджер болып қызмет етеді.

  1992 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген Данияр мектепті Алтын белгімен бітірген. Теміржол саласында жоғары білім алу үшін Еуразия ұлттық университетінде Көлікті пайдалану, жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығын алды. Ал 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Англияның Саутгемптон қаласына оқуға түседі. Шетелдегі білімін жетілдіріп, 2017 жылы көлік инженериясының магистрі атағын алады. Келесі жылы ұлттық компанияға шақырту алып, міне, бесінші жыл теміржол саласында қызмет етуде. Үнемі ізденіс үстінде жүретін жас маман 2020 жылы компанияның «100 жас есім» жобасына қабылданды. Талантты маман теміржолдың дамуына өз үлесін қосуда. "KTZ Express" компаниясының шетелде кеңсесінің ашылу жобасымен, өндірістік көрсеткіштерді power Bi бағдарласымен автоматтандырумен айналысып, аталған қоғам басшысының Алғыс хатына ие болды.

– Былтырдан бастап «Жолаушы тасымалы» АҚ-да маркетинг бөлімінің бас менеджері болып еңбек етемін. Қазір жолаушылар тасымалдау нарығын зерттеумен айналысамын. «Жастар» және «Алтын» дисконттық карталары жобаларын енгізуді қолға алдық. Әйелдер вагоны жобасының іске қосуына үлесімді қостым. Bilet.railways.Kz сайтының және «Билеты КТЖ» қосымшасының жұмысын жақсартуға тырысудамыз. Брендбук дизайны мен идеяларын жүзеге асырдым. «Жолаушыларды қанағаттандыру» деңгейін анықтау әдісін ұсындым. Жолаушылар арасында сауалнама жүргізу, сұранысты, бәсекелес ортаны анықтау секілді жұмыстарда шетелде алған білімімді тәжірибеде қолданудамын, – дейді Данияр.

Оның айтуынша, шетел тілін білу қазіргі жұмыста өте тиімді болып саналады. Данияр ана тіліне қоса орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгерген. Шетелдік компаниялармен әріптестік, өзара іс-шаралар, тәжірибе алмасу барысында тіл білгенінің арқасында еш қиналған емес. Өз жобаларын ағылшын тілінде қорғап, онлайн өтетін жиындарда аудармашы ролін де атқаратын кездер болады.

– «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алу – үлкен мүмкіндік. Бұл жерде талпыныс қажет. Болашақ кандидаттың мақсаты болса, меніңше, ол адам өз арманына жетеді. Теміржол саласы техникалық мамандық болғандықтан оған ағылшын тілінен ондай үлкен сұраныс жоқ. Мысалы, мен оқуға түскен кезде, бізден IELTS тестінен 6.0 балды ғана талап ететін. Жолаушылар тасымалы жылдан-жылға дамып келеді. Менің осы саланы дамытудағы көзқарасым – мүмкіндігінше жолаушылар үшін сервис сапасын арттыру. Бұл дегеніміз – вагондардың сапасын жақсарту, билеттер құнына жеңілдіктер ұсыну және компаниямыздың халықаралық деңгейге көтерілуі, т.т. Сондықтан, қызметімді атқарумен қатар семинар, курс, конференцияларға қатысып, ұдайы білімім мен тәжірибемді арттыруға тырысамын, – дейді ол.

Болашағынан үлкен үміт күттіретін «Болашақтың» түлегі Данияр отбасын да құрып, бүгінде 2 баланың әкесі болып отыр. Жұбайы әуе тасымалы қызметінде жұмыс істейді. Ата-анасы – бірі зауытта еңбек етеді, екіншісі мектепте мұғалім. Қарапайым отбасында өсіп, жақсы тәрбие алған Данияр сияқты дарынды жастар талай биікті бағындырары сөзсіз.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды