Жалғызтөбелік электромеханик жаңа технологиялардың батыл енгізілгенін қалайды

ҚТЖ келбеті
22.04.2022, 11:13
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясының Жаңғызтөбе станциясындағы тәжірибелі электромеханигі Нұрлыбек Мурсакимов жаңа технологияларды меңгеру – уақыт талабы, сондықтан оларды өндіріске батыл енгізетін кез келді деп санайды.

Бүгінде Айдос Жұлдызбаев жетекшілік ететін Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясында жаңа технологиялардың қолданылу аясы кеңейе түскен. Ақтоғай станциясынан бастап, Аягөз-Жарма-Шар телімдері арасында жаңартылған қондырғылар қолданысқа беріліп, бұл станциялардағы электромеханиктер жұмысына зор жауапкершілік жүктеп отыр. Нұрлыбек Мурсакимов – станцияға 1985 жылы қызметке келгеннен бері тапжылмай еңбектеніп келе жатқан тәжірибелі электормеханик. Бүгінде өзінің шәкірті Ерлан Мамырбаев екеуі аталмыш станциядағы қозғалыс саласындағы барлық жұмысқа жауапты.

– Осы жылдар аралығында теміржол саласындағы барлық өзгерістерді, жетістіктерді көзбен көріп, бірге өткеріп келеміз. Біздің салада 2018 жылдан бастап үлкен өзгерістер басталды. Жаңадан орнатылған оптикалық-талшықты кабельдер және МС-04 PCL сандық құрылғыларын қолдану сияқты шаралар жұмыстың жүйелі жүргізілуіне оң жағдай жасады. Техникалық құрылғыларды жаңалау мақсатында қолға алынған жұмыстарды аз уақыт ішінде аяқтап шыға алдық, – дейді Нұрлыбек Жұмабекұлы.

Дистанция бойынша желі бойындағы байланыс құрылғыларын монтаждау жұмыстарына да айрықша белсенділікпен қатысып жүрген ол осы жұмыстардың сыртында инженерлік-техникалық іс-шаралардың да өз деңгейінде жүзеге асырылуына кәсіби маман ретінде атсалысыпты. Осы ретте СЦБ-ның жекелеген бөлшектерін қайта жаңарту желі бойындағы жұмысты біршама жеңілдеткен. Алайда, осы жұмыстар аясында жаңаша жұмыс жүргізу байырғы байланысшылар үшін оңай шаруа емес. Ал Нұрлыбек Жұмабекұлы елорда төрінде екі айлық біліктілік шыңдау курсынан өтіп келіпті. Қазіргі уақытта технологиялық процестердің кестесін әзірлеп, жұмыс барысын жаңғырту жұмыстарына бейімдеумен қатар әріптестеріне жаңа технологиялар тілін меңгеруге хал-қадірінше көмектеседі.

– Жалпы, Жаңғызтөбе – қозғалыс жиілігі аса жоғары станция. Сондықтан, байланыс саласындағы жүргізілген жаңарту жұмыстарының тиімділігі мол екеніне көз жеткізуге болады. Бұл орайда Нұрлыбек Жұмабекұлының білімі мен тәжірибесі бізге үлкен көмек, үлесі қомақты, – деп пікір білдірді Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиев.

Мол тәжірибе дегеннен шығады. Жаңғызтөбелік байланысшы жуырда 60 жасқа толған болатын. Жармалық теміржолшы құрметіне станция басында жиын өткізіліп, оның еңбек жолына, қызметтегі тағылымы жайында келелі сөз қозғалды. Міне, осы орайда Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс жөніндегі орынбасары Нұрлан Сыдырманов Нұрлыбек Жұмабекұлының бай тәжірибесі мен байыпты қызметін баса атап өте келе, Жарма өңіріндегі байланыс саласын дамытудағы зор жетістіктері мен қажырлы еңбегін аса жоғары бағалайтынын да жеткізді. Бүгінгі күні Нұрлыбек Мурсакимов бастаған байланыс саласының мамандары желі бойында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтерін абыроймен жалғастыруда.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды