Ақтөбелік теміржолшы-блогер өз саласының тіршілігін насихаттап жүр

ҚТЖ келбеті
01.07.2022, 13:12
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ұлттық компания қызметкерлері арасында танымал блогерлер жоқ емес. Батыс аймақтық жолаушылар тасымалы филиалының жолсерігі Қуаныш Жеткергенов әлеуметтік желі қолданушыларының арасында танымалдыққа ие болып, интернет тұтынушыларына сапалы контент ұсынып жүр.

Қуаныш Ақтөбенің Шалқар ауданының тумасы. 27 жаста. 2017 жылдан бері теміржолда еңбек етеді. «Ақтөбе – Астана» бағытындағы Тұлпар-Тальго пойызының жолсерігі. Қуаныштың басқа жолсеріктерден ерекшелігі – әлеуметтік желіні еркін қолданады. Елімізде ерекше трендке айналған әлеуметтік желі Тik-Tok арқылы теміржол тынысын көрсетіп, жолсеріктер жұмысымен таныстырып отырады.

«Әлеуметтік желіні мотивация құралы ретінде пайдалануға болатынын түсіндім. Неге өзімнің салама қатысты қызықты видео түсірмеске деген ой келді. Ұзақ ойланып, тек биыл қолға алдым. Бір жылдан бері желіде белсендімін. Оқырмандарым тек теміржолшылар емес», – дейді жолсерік Қуаныш Жеткергенов. 

Желі статистикасындағы ақпаратқа сүйенсек, теміржолшы жігіттің оқырмандары әр қалада бар екенін көруге болады. Әсіресе, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларынан қаралым көп. 

«Қазір әлеуметтік желі дамыған заман. Іnstagram арқылы Reels түсіремін, Tik-Tok желісін белсенді қолданамын. Ел экономикасының драйвері саналатын теміржол саласы қиындығы да қызығы да бар күрделі сала. Сапар шегіп, жолаушылармен жұмыс істеген ұнайды. Әлеуметтік желі қолданушылары да халық, біздің жолаушылар. Сондықтан соңғы жылдары трендке айналған желілерді еркін пайдалану, теміржол саласын көрсету, барынша шынайы болуды таңдадым. Кейде жолаушылар танып жатады. «Instagramдағы бала» деп бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлап жатамыз», – деп күледі теміржолшы-блогер. 

Тik-tok, Instagram – қазір барлық елде танымал, ең жылдам дамып келе жатқан және ең көп жүктелген әлеуметтік желілердің бірі. Олардың мобильді қосымшасы арқылы видеоның фондағы музыкасын тездетуге, баяулатуға және түрлі фильтрмен өңдеуге болады. Теміржолшы жігіт осы ерекшеліктерді меңгеріп алған. Танымал әндерді синхрондап, теміржол бойынан қысқа бейнелер түсіреді. Видеоны жүктеп, басқа әлеуметтік желілерде бөліседі. 

Ол адамдардың ойына теміржол туралы жақсы әсер сыйлағысы келеді. Түсірілімдердің көпшілігі теміржол бойында, сапар барысында жасалған. 

«Өзімде бұрын 5 мың оқырман болды. Негізгі видеоны Reels арқылы жүктеп отырдым. Оқырмандарымның көпшілігі сол жердегі қаралым арқылы келді. Қазіргі оқырмандарым 2-3 айда жиналды. Дайрект арқылы Reels видеоларын жіберіп, осылай түсірші деген ұсыныс айтатындар бар. Видеоға түсіріп қойған идеяларым бар. Бірақ оның уақытын күтемін. Әр нәрсені уақытында ұсынған жақсы. Себебі талғамы биік оқырман сапалы, қызықты контент күтеді», – дейді Қуаныш Нұрболатұлы.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды